«Трансэнерго» Акционерлік қоғамы қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы тұрғындарының үйлеріне жылудың және ыстық судың бас жеткізуші-операторы болып табылады. Ал бәрі осылай басталды:
сонау 1972 жылы ҚазССР Министрлер Кеңесінің өкімімен жылу желілердің қарқынды дамуымен байланысты Ақтөбелік жылу желілер кәсіпорны "Горжилуправление" құрылды. Сол кеңестік жылдары ұйымның теңгерімінде тек 3 қазандық, 4 араластыру сорғы стансалар және тек 25 км жылу желілері болды. Ал өндірісте барлығы 132 адам іске қосылды. Оның үстіне жеті бірлік арнайы техниканың және көлік құралдардың көмегімен жұмыс жасады.
Содан бері жарты ғасырдай өтті. Ақ төбедегі қала дамыды және өнеркәсібі, инфрақұрылымы дамыған еліміздің ең ірі индустриалды және мәдени орталықтың біріне айналды, сонымен қатар ол қазіргі таңда тұрғындар саны бойынша Қазақстан қалалары арасында озық позициялардың бірінен орын алады. Әрине, осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді. Жылумен жабдықтайтын кәсіпорын өзгерістердің бірнеше кезеңдерін бастан кешірді, бірнеше рет аты өзгерілді – «Горжилуправлениядан» «Облтеплокоммунэнерго» ӨҰ-ға, бұдан әрі «Жылуэнергия" ААҚ-на. Ал 2000 жылдың 5 қазанында Ақтөбе облысының әділет Басқармасы «Трансэнерго» АҚ заңды тұлға деп тіркеді. Қала тұрғындардың саны өсті, тиісінше, «Трансэнерго» АҚ абоненттердің саны да өсті. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласының 400 мың тұрғындарының үйлеріне жылу мен ыстық су келеді.
Тағы 2 мыңға жуық заңды тұлғалар біздің кәсіпорынның қызметтерімен пайдаланады.
Пайдаланылатын жылу желілердің жалпы ұзындығы - 1972 жылдағыдай 25 шақырым емес, ал 219,7 шақырым, соның ішінде магистралдық - 45,9 шақырым және таратушы - 173,8 шақырым.
Кәсіпорынның теңгерімінде орналасқан қазірдің өзінде 3 қазандық емес, ал жалпы белгіленген қуатпен 195,9 Гкал/сағ 23 қазандық, 6 сорғы стансалар және тағы 79 орталық жылу пунктері бар.
Ұйым қосалқы цехтары, магистральдық желілер ауданы, желілік аудандары (№1, №2, №3) және қазандықтарды жөндеу бойынша учаскесі бар ірі өндірістік базасымен орналастырады.
Өз қызметінің 45 жыл ішінде жылумен жабдықтайтын компания штатты 700 қызметкерге дейін кеңейтті.
Сол кезде, естеріңізде болса, өз қызметінің басында ұйымда тек 132 жылу энергетиктер саналды.
«Трансэнерго» АҚ жылу энергияның көтерме тұтынушы-қайта сатушысы болып табылады, сондай-ақ қуаты аз қазандықтармен жылу энергияны өндіреді.
Қазіргі уақытта «Трансэнерго» Акционерлік қоғам өз жұмысында ең соңғы, заманауи, жаңа технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе қаласында жылумен жабдықтаудың дамуына инвестицияларды сіңіретін күшті техникалық және интеллектуалды потенциалмен компанияға айналды.
• Мәселен, қазір жылу шығындарды, пайдалану шығындарды және күрделі шығындарды айтарлықтай төмендететін пенополиуретанды оқшаулауда құбыр желілердің төсеуі пайдаланылады. Айтқандық болмас осындай құбырлардың пайдалану мерзімі 25 жылдан астам. Ақтөбеде құбырларды алдын-ала оқшаулау қолдануымен 47 шақырым жылу желілер жаңартылды.
• Қазандықтардың қайта құруы, пайдалануда үнемділік, экологиялық, сенімділік және қауіпсіздік критерийлерді қолдануына мүмкіндік беретін озық технологиялар негізінде негізгі жабдығының орнатуын қарастырады.
• Атап өту қажет, «Трансэнерго» АҚ жылумен жабдықтау жүйесінде Қазақстанда алғашқылардың бірі болып қазіргі заманғы автоматтандырылған диспетчерлік орталықты құрып, жылу тасымалдауыш беруінің ақпараттық-басқару жүйесін (ЖБАБЖ) енгізді. Жұмыс үшін ЖБАБЖ нәтижесі соншалықты тиімді және маңызды, өйткені қазір бірыңғай орталықта тұтынушылар арасында жылуды алу және оны бөлу туралы барлық ақпарат толымданады.
Қазандықтар және сорғы стансалар жұмысының бақылауы тәулік бойы жүргізіледі. Осы жүйе Ақтөбеде әр жыл сайын көбейетін жаңа нысандардың шексіз қосылуына мүмкіндік береді.
Компанияның жылнамасында, өткен жүзжылдықта өз бастауын алатын көптеген үздік оқиғалар мен фактілер жазылған. Бірақ кез-келген хабар сияқты оның әрдайым жалғасы бар, біздің кәсіпорынның тарихы да бүгінгі күнмен аяқталмайды. Ал тек қана өзінің келесі, жаңа даму айналымын бастайды. Өйткені, «Нұрлы жол – Болашаққа жол» мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс енді ғана басталды.
Солай, 2015-2016 жылдарда «Нұрлы жол – Болашаққа жол» бағдарламасы бойынша жылу желілердің 16,1 шақырымы және үш қазандықтың қайта құруы жүргізілді.
Осылайша, бірте-бірте «Трансэнерго» Акционерлік қоғамы өзінің динамикалық қозғалысын келесі шектерге және негізгі кезеңдерге жалғастыруда. Ал «Трансэнерго» АҚ Басқарма төрағасы Сакиев Аманбай Смайелұлының басшылығымен ынтымақты еңбек ұжымы жаңа өндірістік көкжиектеріне жетуге мақсат етті. Оның үстіне ҚР Президентінің «Нұрлы жол – Болашаққа жол» бағдарламасы арқасында кәсіпорынның болашаққа жоспарлары ең өршіл. Өйткені, өткен жылдың аяғында Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Осыған байланысты, 2016-2018 жылдары ЕҚДБ Халықаралық қаржы ұйымының қарыз қаражаты есебінен жылу желілердің және қазандықтардың қайта құруы көзделуде. Бірінші кезектегі инвестициялар бағдарламасына (БКИ) «Трансэнерго» АҚ және Еуропалық қайта құру және даму банкінің арасында келесі жобалар енгізілді:
- Жалпы ұзындығы 7,7 шақырым ішкікварталдық жылу желілердің қайта құруы;
- Гидравликалық модельдеу бағдарламасын енгізуі;
- Сегіз қазандықтың қайта құруы.
Әрине, жетістіктер тек прогрессивті қадамның динамикасында мүмкін болады. «Трансэнерго»АҚ көпжылдық прогрессі негізіне саллынған іргетас - техникалық инновациялар, бай кадрлық әлеует және шаруашылық тәртіптің үлгілі деңгейі.