You are here

Жалпы үйлік есеп құралдары

ҚР «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңына сәйкес:

-  11 б. 4 т. «табиғи монополия субъектілері қызметін (тауарын, жұмысын) тұтынушылардың  реттелетін коммуналдық қызмет (тауарлар, жұмыс)  есебі құралдары болуы міндетті».   

 - 23 бап , «реттелетін коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері   жасалған шарттарға сәйкес есеп құралы жоқ тұтынушыларды реттелетін коммуналдық қызмет есебі құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті».

-  ауыспалы ережелер, «реттелетін коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері   және реттелетін коммуналдық қызмет  тұтынушылары 2009 жылдың 1 тамызына дейін жалпы үйлік жылу қуаты есебі құралдарын орнатуға міндетті».

Нормативті техникалық шығындарды азайту және жылу қуатын нормативтен тыс шығындауды жою үшін тұтынушылардың шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін, есеп құралдарын орнату арқылы жылу қуаты есебін ұйымдастыру қажет. Табиғи монополия субъектілері тұтынушымен жеке шарт бойынша жалпы үйлік жылу  есебі құралдарын және судың жеке құралдарын орнатуға тиісті, ал пәтер тұрғындары оларды алу және орнатуға ақы төлеуге, тіпті бөліп те  төлеуге тиісті.

Сонымен бірге табиғи монополия субъектілерін жасалған шарт талаптарына сәйкес реттелетін коммуналдық қызмет есебі құралдарын алуға және орнатуға міндеттейтін, «ҚР «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»  Заңының 7 бабы 9 тармақшасымен қатар тұтынушының  аталған есеп құралдары бар болу міндеті қарастырылған.

Сонымен қатар, Заңның 10 бабы 1 тармақшасына сәйкес есеп құралын орнатуды талап етуге  не болмаса   өз бетінше оларды алуға және орнатуға құқылы. Осылайша тұтынушының жалпы үйлік жылу қуаты есебі құралы бар болуы міндетті, сонымен бірге өз бетінше алуына және орнатуына не болмаса табиғи монополия субъектісінен талап етуіне болады. Мұндай жағдайда  Заңның 11 бабы 2 тармақшасына сәйкес тұтынушы жасалған шарт талаптарына сай реттелетін коммуналдық қызметке есеп құралын алу және орнатуға ақы төлеуге міндетті.

Бұдан басқа, Заңның 6 бабы 1 тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі тұтынушылар сақтауға міндетті техникалық талаптарды белгілеуге құқылы. Сонымен бірге тұтынушының санауыштарды табиғи монополия субъектісінен емес,   басқа арнайы маманданған ұйымнан алуға құқы бар. 

 ҚР   «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатымен «ТРАНСЭНЕРГО» АҚ іс-қызметтің осындай түріне лицензиясы бар ұйымдарды тарта отырып, есеп құралын орнатады.

Іс-қызметтің осындай түріне лицензиясы бар компанияның сервистік қызмет етуге құқы бар .  Есеп құралына ағымдық қызмет ету  үшін тұтынушы сервистік ұйыммен сервистік қызмет ету шартын жасауына болады. Жұмыс құны шарт жасаған кезде айқындалады және жоспарланатын жұмыс көлемімен белгіленеді.

Есеп құралы бір жинағының құны.

«ТРАНСЭНЕРГО» АҚ есеп құралы төлемақысы бойынша тұтынушыларға он екі айға дейін бөліп төлеуді ұсынады.

Орнату бойынша жұмыс құны 400 000,00 теңге  құрайды.  Бұл сомаға таңдалған компанияға (мердігерге)  байланысты жинақтағы жылу санауыш бағасы, жоба әзірлеу, дәнекерлеу жұмысы, ара қашықтық мәліметтер  беру  жүйесімен бірге есеп  құралын құрастыру және баптау жұмысы кіреді.

Құрал орнату орны.

«Жылу қуатын пайдалану ережелерінің»  23 б. 6 т. сәйкес, жылу қуатын жіберуді есепке алу  жылу жүйелері бөлігі шегінде жасалады; коммерциялық есеп құралы тараптардың пайдалану жауапкершілігі бөлігі шегінде орнатылмағанда, бөлік шегіне коммерциялық есеп құралдарын орнату жеріне дейінгі жүйе учаске шығындары көрсетілген жүйе учаскесі балансында тұрған меншік иесіне жатқызылады.  Элеватор торабы  жоғары жағының бірінші сызығы көппәтерлі тұрғын үйдегі баланстық   иелік шегі болып табылады.  

Тұтынушының басқа ұйымда есеп құралын орнатуға құқы бар ма?

Бар, компанияның іс-қызметтің осы түріне лицензиясы бар болса  және ҚР мемлекеттік тізіліміне құрал маркісі енгізілген болса.