You are here

Жиі қойылатын сұрақтар
Ішкі пәтер желілерін қайта жабдықтауға тұтынушы құқығы бар ма?

Жеткізушінің келісімінсіз және жазбаша рұқсатсыз,ішкі пәтер желілерін қайта жабдықтауға, инженерлік жабдықтарды және құрылғыларды қосу және орнату, қосымша жылу құралдарының секцияларын, реттеуші және тиек арматурасын, өз бетімен жылыту аспаптарын ажыратуға тұтынушыға тыйым салынады.

Жылу энергиясын беруді тоқтату шарттары қандай?

Тұтынушыға, энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдары жылу энергиясын беруді, мынадай жағдайларда шектейді:

1) беру және/немесе жылу энергиясын бөлу бойынша  ұсынылған қызметтер үшін шартпен белгіленген мерзімде төленбеген;

2) жылу тұтынатын қондырғылар энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымнын жылу жүйесіне  өз бетімен қосылу;

3) есепке алу аспаптарын орнату орынына дейін жылу тұтыну жүйелерінің қосылу;

4) жылу тұтыну жүйелеріне және есепке алу аспаптарына энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым өкілдерін жібермеу;

5) күзгі-қысқы кезеңдегі жылу желілерінің жұмысқа және ұйымның сараптама қорытындысы және жылу тұтынатын қондырғылар  энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның техникалық дайындық актісіз жылу желілеріне қосылу

Жеке есептеуіш аспабы неге қажет?

Ол судын массасын өлшеуге арналған. Жылу энергиясын есепке алу үшін коммерциялық есепке алу аспаптары қолданылуы тиіс, олардың типтері өлшем бірлігін қамтамасыз ететін Мемлекеттік тізіліміне еңгізілген. Сонымен қатар, бастапқы немесе мерзімді тексеру туралы құқығы бар белгісі болуы қажет.

Жалпыүйілік жылу есептеуіш аспабын қайда қондырады?Және ол не үшін қажет?

ЖЕА элеваторлық торапының қосылуында қондырады, өлшеу құралдары жиынтығын,жылу энергиясы мұрағатын сақтай отырып жылу энергиясынын көлемін, массасын анықтайды;

Жылумен қамтамасыз ету және ыстық сумен қамтамасыз ету қызметтеріне тарифтерді кім бекітеді?

«Трансэнерго» АҚ  тарифтерді реттеуші орган– Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті (ТМРАД) бекітеді.