You are here

Кәсіподақ

«Трансэнерго» акционерлік қоғам әлеуметтік-жауапты кәсіпорын болып, өзінің тікелей жылумен жабдықтау қызметімен қатар, ешқашан меценаттық туралы ұмытпайды және қайырымдылық көмек мәселелеріне көз жазбай ерекше назар аударады. Өйткені, конфуцийшілдік жолын қолданады: «адамгершілік жалғыздықта қалмайды, оған міндетті түрде көршілер табылады».

Солай, жыл сайын «Мектепке жол» ауқымды республикалық акция шеңберінде ұжым бірінші сынып оқушыларына-аз қамтылған және тұрмысы төмен жанұялардан балаларға материалдық қолдау көрсетеді. Мәселен, 2016 жылы «Мектепке жол» акциясы ҚР 25-жылдық тәуелсіздігіне теңестіріледі. «Трансэнерго» АҚ жұмысшылары кәсіпорын қызметкерлерінің  балаларына ғана емес, сондай-ақ  халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының 14 балаларына жеті жүз мың теңге мөлшерінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Жаңа жыл қарсаңында «Трансэнерго» қызметкерлердің балаларына көптен күткен сыйлықтар мен мерекелік шыршаларға арналған билеттер тапсырады.

Кәсіподақ комитеті қала сыртындағы демалыс лагерлерінде балаларды сауықтыру үшін жазғы кезеңге жолдама сатып алуында үлестік қатысады. Әкімшілік пен кәсіподақ комитеті мүмкіндігі шектеулі балаларға және әр түрлі қоғамдық бірлестіктерге демеушілік көмек көрсетеді.

 «Коркей бер, туған жер!» аймақтық бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе облысының Құмсай ауылында ауылдық Мәдениет үйін жөндеуінде көмек көрсетті.

 «Трансэнерго» АҚ өз қызметі бойы әлеуметтік-жауапты кәсіпорын болып, қайырымдылық акцияларда ғана емес, сондай-ақ әр түрлі қоғамдық бағдарламалардың қатысушысы болып табылады.

Осыған байланысты, компания ұжымы көмекте және қолдауда мұқтаж адамдарға қалыс және немқұрайлы болып қалған жоқ. Солай, 2015 жылы Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына ұйым, өзінің бір күндік еңбекақысын аударуға шешті. Бұл мақсатқа 2 млн. теңге аударылды.

Осы қаражатқа су апатына ұшыраған аймақ тұрғындарының бірінші қажеттіліктің тауарлары мен азық-түлікті сатып алуға мүмкіндіктері болды.

Ұжым уақтылы қолдауды кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуы үшін көп күш пен уақыт берген аса құрметті еңбек ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетеді. Жыл сайын қаражат кәсбюджетінен, Жеңіс Күніне және Халықаралық қарттар күніне орай материалдық көмек көрсетіледі.

Еңбектің және демалыстың лайықты жағдайлары

 «Трансэнерго» АҚ адами әлеуетінсіз, кәсіпорынның жетілдіруі туралы сөз болуы мүмкін емес. Өйткені, адам – әр өндірістік процесстің ядросы. Дәл мұндай анықтау жылумен жабдықтау компанияның басқару саясатында басты бағдар болды. Негізгі назар инвестицияларға, технологияларға немесе жабдыққа емес, ал үлкен әріптен Қызметкерге. Әр қызметкерге қамқорлықтың маңыздылығын түсіну бүгінгі ішкікорпоративтік стратегиясын анықтайды.

Осыған байланысты жыл сайын 2011-2015 жылдар аралығында ҚР кәсіподақтар Федерациясы, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар комитетінің кеңесі өткізетін облыстық байқауларда «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік кәсіподақ ұйымы» жеңімпаз болып атанған, Ұжымдық шарттың рөліне ерекше көңіл аудармауға болмайды. Сондай-ақ, «Трансэнерго» АҚ «Жолдастар» кәсіподақ ұйымын бірнеше рет Ақтөбе облысы кәсіподақтарының құрмет Кітабына енгізді, оны Ақтөбе облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрағасымен қол қойылған  Куәлігі дәлелдейді.

Ежелгі грек философы Демокрит бір күні "Пікірлестік достықты тудырады"  деп айтты. Біздің ұйым өз көзқарастарында, міндеттерінде және мақсаттарында сәл қарай кетті. Кәсіпорын әкімшілігі мен «Жолдастар» кәсіподақ ұйымының серіктестік қарым-қатынасы бірнеше рет үлгілі болып танылған ұжымдық шарт негізінде құрылады.

Осылайша, ұжымдық келісім-шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыс белгіленген төленген қосымша демалыс күндері қарастырылды. Әр еңбек лайықты төленуі тиіс дегендей. Сондықтан, компанияда табысты қызмет қана емес, лайықты демалыс үшін жағдай жасалынды. Солай, еліміздің емдеу шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орталығына сауықтыруға бағытталған кәсіпорынның әр қызметкеріне жолдаманың жалпы құнынан 50% мөлшерінде төленеді. 2015-2016 жылдары шипажайларда 25 жұмысшылар өзінің денсаулығын түзетті.

Біздің қызметкерлер жақсы жұмыс істеуді және дұрыс демалуды біледі!

Қысқы кезеңде жылу энергетиктер өз отбасыларымен шаңғы демалыс базасына шығады, «Трансэнерго»-ның мықты жартысы шаңғы жүгіруінде қатысады, ал қызметкерлер балалармен бірге шанамен сырғанайды және коньки тебеді.

Жылыту маусымының аяқталуы бойынша  барлығы табиғатқа шығады, онда мәдени бос уақытпен бірдей спорттық жарыстар және әр түрлі эстафеталар ұйымдастырылады. Бұның барлығы сөзсіз корпоративтік рухтың цементтелген негізі болып табылады. Сондай-ақ, қала және облыс масштабтарында, кәсіпорын базасында жүргізетін спорттық жарыстарда жеңу мен қатысу командалық жүріс-тұрысты береді және топтастырады. Демекші орталық өндірістік базасының аумағында бөлімшелер арасында футболмен, баскетболмен және волейболмен айналысу және жарыстар өткізу үшін  жазғы спорт алаңы орналастырылды. Негізінде, барлық спорттық іс-шаралар жұмыс істейтін ұжымды белсенді өмір салтына тартуына, жұмысшылар мен қызмет компаниялар арасында спорттық және достық байланыстарды нығайтуына бағытталған.

Мәселен, 2016 жылғы 12 қараша мен 10 желтоқсан аралығында  Ақтөбе облысының төрт энергия кәсіпорындары - «Актобе ЖЭО» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «Жаңажол ГТЭС» ЖШС және «Трансэнерго» АҚ арасында Спартакиада өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және энергетик Күніне орай.  Ол «Трансэнерго» АҚ бастамасы бойынша жаңарылды және спорттың алты түрі бойынша өтті: волейбол, үстел теннисі, шағын-футбол, шахмат, жүзу, армрестлинг. Бір ай бойы командалар жүлделі бірінші орынға және ауыспалы Кубокқа күресті.

Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруында  өткізуінің маңыздылығы кем емес болып табылады. «Трансэнерго Миссі және Мистері» сияқты байқауында жас қызметкерлер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады. КВН ойыны жұмыс күндері қаланы жылумен жабдықтауын қатаң қадағалайтындар албырт болып шығатынын көрсетеді.  Ал, Қазақстан халқының бірлік Күні «Біз бір отбасы болып тұрамыз» сияқты байқауында АҚ қызметкерлері Қазақстанда тұратын әр түрлі халықтардың мәдениетін және салт-дәстүрлерді ұсынған немесе Наурызда, байқау негізінде әлемнің түрлі елдерінде «Жаңа күн» салт-дәстүрлердің мерекелеуін, саяхат нысанында жылы атмосфераны, командада, үлкен  және тату-тәтті отбасында жұмыс істеуін көрсетті.

Сондай-ақ, Конституция Күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне, 8 наурыз, 7 және 9 Мамыр, Наурыз мейрамына, Жаңа жылдың алдында жыл қорытындысы бойынша салтанатты түрде озат қызметкерлерге құрмет грамоталарды, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарды табыс ете отырып құттықтау дәстүрге айналды. Кәсіпорынның мерейтой иелері де назарсыз қалмайды.

Бұның барлығы, әрине, қызметкерлер арасында еңбек қарым-қатынастарының сапасына әсер етеді.

 «Трансэнерго» АҚ қарқынды қызметін қалалық, облыстық және республикалық маңызы бар БАҚ қызығушылықпен бақылайды. Ол біздің сайтта және «Фэйсбук» және «Instagram» әлеуметтік желілердің бетшелерінде мобильді пайда болады. Өйткені біз бір орында тұрмаймыз, заман талабына сай қадам басамыз!

Тағы бір сәтті атап өту қажет. Қоршаған ортаның ластану деңгейін және қоршаған ортаға кері әсер ететін дәрежені төмендету үшін кәсіпорын қызметкерлері өз учаскелерінде, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймағы деп аталатын жақын аумақтарды үнемі тазалайды. Мамандандырылған кәсіпорынмен жасасқан шартқа сәйкес барлық қалдықтар полигонға арнайы техникамен шығарылады.

Сондай-ақ, жыл сайын ұжым Ақтөбе қаласының әкімдігі өткізіп отыратын, қаланы тазалау бойынша екі айлықта, облыс орталығын абаттандыру және көгалдандыру  бойынша барлық жалпы қалалық акцияларда қатысады. Мәселен, 2016 жылдың 8 сәуірінде күннің дымқылдығына және  суық желге қарамастан «Трансэнерго» АҚ қызметкерлері бірден бірі болып қамқорлыққа алынған аумағында көктемгі тазартуды өткізді.

Үш сағатта Самара-Шымкент республикалық трассасының екі шақырым жері (Қобда жолына шығу, Сәңкібай батыр даңғылының қиылысынан -Облыстық балалар клиникалық ауруханасына дейін) екі жағынан - шамамен 20 мың шаршы метр жол таза болып, күтілген және абаттандырылған түріне жетті. Бұл туралы ақтөбелік БАҚ өз баспа басылымдарының беттерінде айтқан.

Қамқорлыққа алынған аумақтан басқа, біздің қызметкерлер 34 объектілерде (желілік учаскелері, қазандықтар және сорғы стансалар) өз аумақтарын ретке келтірді.

Нәтижесінде 20-дан астам тонна қалдықтары жиналды.

Осындай абаттандыру, санитарлық тазалау және қаланы көгалдандыру бойынша «сенбіліктер» біздің кәсіпорында көктемгі-күзгі кезеңде апта сайын өтеді. Ал 2016 жылдың күзінде үйеңкілердің, шағандардың және  сүмбіл теректердің көшеттерін отырғыздық. «Трансэнерго» АҚ ұжымы Ақтөбе қаласының әкімдігі, қайырымдылық ұйымдар және волонтерлар өткізетін барлық «жасыл» акцияларға назар аударып,  әрдайым қолдайды.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Өз ағашыңды отырғыз» атты акциясы өткізілді, оған мыңдаған ақтөбеліктер қатысты. Біз де шетте қалмадық! Біздің қызметкерлер «Жасыл қала» акциясын өткізу идеясын дәл сондай ынтамен қолдады. Атап айтқанда, біз қала абаттандыруына да шамадан тыс үлесімізді қосамыз.

     Және соңында. «Трансэнерго» Акционерлік қоғамның барлық жоғарыда аталған іс-шараларға қатысуы экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін қолайлы қоршаған ортаны қамсыздандыруына мүмкіндік береді.