Демеуқаржы
Халықты әлеуметтік қорғау үшін тұрғындардың аз қамтылған топтарына коммуналдық қызметтер төлемінің шығындарын өтеу үшін мемлекет тұрғын үй көмегін (демеуқаржы) береді. Тұрғын үй көмегі осы өңірде ұдайы тұратын және мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алу шарты бойынша бөлінген баспананың жалдаушысы (жалға алушы) немесе меншік иесі болып табылатын тұлғаларға беріледі.
Тұрғын үй көмегі оны алуға арыз берген сәттен бастап тоқсанның аяғына дейінгі мерзімге тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар Ағ.Жұбановтар көшесі, 289-А мекенжайында, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында қабылданады.