Кәсіподақ

«Трансэнерго» АҚ-ның «Жолдастар» бастауыш кәсіподақ ұйымының девизі: «Біздің күшіміз - бірлікте» болғандықтан,  біздің кәсіподақ комитеті өз алдына ұжымды топтастыру, кәсіподақ жұмысының беделін арттыруды негізгі міндет етіп қояды. Кәсіпорын қызметкерлері кәсіптік қызметі бойынша бірлесіп қоймай, демалысты да тиімді өткізуіне, ұжым болып әрбір қызметкердің өміріне араласып, түйінді мәселелерін шешуіне көмектесуіне, қуанышы мен қайғысына ортақтасуына күш саламыз.

Кәсіподақ бүгін – қызметкерлердің мүдделері мен әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іс жүзінде қорғап, әлеуметтік кепілдіктердің орындалуы мен ұжымдағы хал-ахуалдың жақсаруына қол жеткізуге заңнамалық құқығы бар бірден-бір қоғамдық ұйым.

Біздің кәсіподақ ұйымында 666 қызметші есепте тұр, бұл жұмыс істейтіндердің жалпы санының 99,994 %-ын құрайды. Кәсіподақ комитетінің құрамына 9 адам кіреді. Комитет мүшелерінің барлығы да адал, жауапкершілігі мол, шығармашылықпен жұмыс істейтін, әрбір кәсіподақмүшесіне жаны ашитын адамдар.

Кәсіподақ ұйымы «Трансэнерго» АҚ әкімшілігімен бірлесіп жұмыс істейтіндердің еңбегінің, денсаулығы мен қауіпсіздігінің қорғалуына өз қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қарайды.

Осы бағыттағы бақылауды іске асыру үшін құрамында 9 адам бар комиссия жұмыс істейді, сондай-ақ барлық бөлімшелерде 19 адамнан тұратын еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор бақылау жасайды. Олар ұжымның жалпы жиналысында сайланған, соның ішінде 15 –і облыстық кәсіподақ кеңесі ұйымдастырған семинарда оқыған болатын.

Сонымен қатар жұмыс жағдайларын жақсарту үшін жұмыс орындарын аттестациядан өткізіп, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасалды. Ұжымдық шарт тармақтарының бірі – еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмысшының өмірі мен денсаулығына зиян келгені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру. Сақтандыру компаниясымен медициналық сақтандыруға арналған шарт жасалды.

Мамандандырылған оқу орындарында кадрларды оқыту және қайта даярлау жүргізіледі.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын басшылығы мен инженерлік-техникалық персонал инвестициялық бағдарламаға тозығы жеткен құрал-жабдықтар мен тетіктерді жаңалау бойынша іс-шаралар кешенін енгізді.

Біздің ұжым облыстық кәсіподақ кеңесі жүргізіп отырған «Қауіпсіз еңбек – өндірістегі әрбір адамның құқығы»акциясын қолдап, облыстық кәсіподақ кеңесі, еңбек және әлеуметтік қорғау Департаментімен бірлесіп «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» тақырыбында семинар өткізеді. Сонымен қатар жыл сайын техникалық қауіпсіздік жөніндегі республикалық конкурсқа қатысамыз. 2012 жылы біздің кәсіпорын жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды.

Кәсіпорын басшылығы кәсіподақты қолдап, әлеуметтік әріптестік қағидаларына негізделген өзара іс-қимылды дамытуда. Жұмыскерлердің өкілі ретінде кәсіподақ кәсіпорында ұжымдық шарттың болуына мүдделі, өйткеніқолданыстағы заңнамаға қарағанда онда әлеуметтік жеңілдіктердің барынша жоғары деңгейі, жұмысшылардың құқықтары мен кепілдіктер белгіленген және кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін, заңды құқықтарын қорғаудағы құқықтық құрал болып табылады.

  2009 жылы бес жылдық мерзімге арналған ұжымдық шарт қабылданды.

Ұжымдық шарттың мәні еңбек жағдайлары мен оның төлемі, жұмыс беруші ұсынатын әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы ережелер болып табылады.

Біздің еңбек шартымызда сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерге арнаулы киімдер, аяқ киімдер, сүт және жеке қорғаныс құралдарын ақысыз беру көзделген. Санаторийлер мен профилакторийлерге сауықтыруға және емделуге жолданған әрбір кәсіпорын қызметшісіне кәсіподақ қаржысы есебінен жолдама құнының 50%-ы мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Әкімшілік пен кәсіподақ комитеті қайырымдылық көмек мәселесін назардан тыс қалдырмайды.

Жыл сайын кәсіподақ комитеті «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысып, аз қамтылған отбасыларының балаларына мектеп құралдары мен спорт және аяқ киімдерін әперуге материалдық көмек көрсетуүшін қаржы бөледі.

«Бесік» балалар қоры», «Ақтөбе облысы бойынша ардагерлер бірлестігі» қоғамдық қорларына, «Семей-Невада» Батыс Қазақстан өңірлік филиалына қайырымдылық көмек көрсетілді. Шұғыл емдеуді қажет ететін балаларды қолдау жөніндегі қайырымдылық акциясына қатыстық.

Ұжымдық шартта әлеуметтік қолдау мәселесі назардан тыс қалмайды. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төленеді, төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

50-60 жасқа толған мерейтойлар бойынша кәсіпорында кемі 3 жыл жұмыс істегендерге 15000 теңге мөлшерінде сыйақы беріледі.

Зейнеткерлік жасқа толып, құрметті демалысқа кеткен кезде 20000-25000 теңге (өтіліне қарай) мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.Қызметкер қайтыс болғанда 30000 теңге, жақын тумасы – 20000 теңге, «Трансэнерго» АҚ-нан зейнеткерлікке шыққан адамды жерлеуге 15000 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

Кәсіподақ комитеті жазғы маусымда демалыс лагерлерінде балаларды сауықтыруға арналған жолдамаларды сатып алуда үлескер болады, жолдама құнының 50%-ын төлейді.

Қызметшілерді кәсіпорын көлігімен жұмысқа әкеліп, апару ұйымдастырылған. Акционерлік қоғамда қолданыстағы бағалар мен тарифтер бойынша шаруашылық қажеттіліктерге көлік бөлінеді. Медпункт және 70 орындық асхана жұмыс істейді.

Кәсіподақ комитеті зейнеткерлерді қолдауға қаржы бөлуді қарастырады. 8 наурызда зейнеткер әйелдерге 5,0 мың теңгеден қайырымдылық көмек көрсетіледі. Жыл сайын халықаралық егде адамдар және ұрпақтар үндестігі Күні құрметіне қайырымдылық түскі ас пен мерекелік концертұйымдастырылып, әрбір зейнеткерге материалдық көмек беріледі.

Әлеуметтік және материалдық көмек қана жұмыскерлерді өнімді еңбекке ынталандырып қоймайды, сонымен қатар моральдық қолдаудың да маңызы зор. Кәсіподақ комитеті мен жұмыс берушінің қаржылары есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, Жеңіс Күні, Тәуелсіздік Күні, Қазақстан кәсіподақтары Күні, Жаңа жыл және басқа мерекелерде алдыңғы қатарлы жұмыскерлерді құрметтеп, құрмет грамоталарын, алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар тапсыруға арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды.

Ұжымда шығармашыл адамдар, оптимистер жұмыс істейтін болғандықтан, бірде-бір іс-шара біздің қызметшілер ұйымдастырған концертсіз өтпейді.

Кәсіподақ комитетінің міндеті сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Біздің жұмыскерлер кәсіпорын мен қаланың спорттық өміріне белсене қатысады. Жыл сайын облыстық кәсіподақ кеңесі спорттың 4 түріненөткізетін жарысқа қатысады. Энергетиктер арасында бильярд бойынша өткен жарысқа қатысып, 1-орын алса, «Президенттік тестілер» қалалық спорт жарыстарында 2-орынға ие болды. Жазда жұмыскерлер өндірістік база аумағында кәсіпорынның өз күшімен жабдықталған алаңда футбол, волейбол ойнайды.

Спортпен шұғылдану ұжымның топтасуына көмектеседі, қызметкерлерді сауықтыру құралы болып табылады.

Жас жұмыскерлердің жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын туғызып, насихаттау мақсатында кәсіпорынның жас жұмыскерлері арасында мамандықтар бойынша кәсіби шеберлік жарыстарын өткізуді дәстүрге айналдырдық. Мәселен, «Үздік слесарьлар тобы» және «Үздік дербес компьютер пайдаланушы» конкурстарын өткіздік.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Жолдастар» кәсіподақ ұйымы «Нұр Отан» ХДП «Трансэнерго» АҚ бастауыш партия ұйымымен бірлесіп жыл сайын кәсіпорын жұмыскерлерінің шаңғы базасына ұжым болып шығуын ұйымдастырады, онда шаңғы жарысынан біріншіліктер ұйымдастырылады.

Жұмысқа ынталандыру мақсатында үздік жұмыскерлерге концерттерге, театр мен цирке билеттер сатып алуға тұрақты түрде қаржы бөлінеді, конкурстар өткізіледі.

Біздің тату ұжымның топтасқан және жемісті жұмысы өз нәтижерлерін берді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге байланысты облыстық кәсіподақ кеңесі өткізген «Үздік ұжымдық шарт» және «Үздік кәсіподақ ұйымы» конкурстарда жүлдегер атанып, грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталдық, Орал қаласындағы «Ақжайық» санаторийіне тегін жолдамаға ие болдық, ол бойынша автоцех жүргізушісі Жұмағұлов Мақсат Райымқұлұлы өз денсаулығын түзетуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық жарысқа екі рет қатысып, 2011 жылы «Үздік әлеуметтік- жауапты кәсіпорын» атауы бойынша жеңімпаз атандық, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дипломымен және күміс кубокпен марапатталдық.

Республикада тұңғыш рет коммуналдық кәсіпорынның осындай жоғары марапатқа ие болғанын атап өткен жөн.