Компания туралы
1972 жылы жылу желілерінің қарқынды дамуына байланысты «Қалалық тұрғын үй басқармасының» Ақтөбе жылу желілері кәсіпорны құрылды.
1972 жылы жылу желілері кәсіпорны құрылған кезде балансында 3 қазандық, 4 сорғы стансасы және 25 км жылу желілері болды, жұмыскерлер саны 132 адам құрады, кәсіпорында 7 бірлік арнайы техника мен көлік құралдары бар еді.
Бірнеше рет реформалау мен қайта құрулар, бірнеше дүркін атауын өзгертуден кейін 2000 жылғы 5 қазанда Ақтөбе облыстық Әділет басқармасы «Трансэнерго» АҚ-ны заңды тұлға ретінде тіркеді.
«Трансэнерго» АҚ 41 жыл бойы өз қызметін жүзеге асырып келеді және Ақтөбе қаласы тұрғындарының үйлері мен кәсіпорындарына жылу мен ыстық суды басты жеткізуші-оператор болып табылады.
Акционерлік қоғам 210 км магистралды және таратушы жылу желілерін, 21 қазандық, 6 сорғы станциясы мен 79 топтық бекеттерді пайдалануды іске асырады.
Жылумен және ыстық сумен жабықтау бойынша «Трансэнерго» АҚ қызметтерін 76 279 абонент пайдаланады, сонын ішінде 74 285 – жеке тұлға және 1 994- заңды тұлға.
Негізгі стратегиялық мақсаты мен бірінші кезектегі міндеті Ақтөбе қаласының тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, жөндеу маусымын дер кезінде жүргізу және жыл сайынғы жылыту маусымына әзірлену болып табылады.
Жылу энергетикалық құралдардың сенімді жұмысын сапалы түрде жақсартуға, 2012-2013 жылдардағы жылыту маусымына әзірленуге бағытталған іс шаралар нәтижесінде, сондай-ақ негізгі жылумен жабдықтау нысандарындағы жөндеу және әзірлік жұмыстарының мерзімінде аяқталуына байланысты «Трансэнерго» АҚ-ның жылыту маусымына дайындығы 100% болды.
ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің 2012-2013 жылдардағы жылыту маусымына барынша көп жүктеме алып жүруге кәсіпорынның әзірлігін тексеру нәтижесі бойынша елімізде алғашқылардың бірі болып 2012-2013 жылдардағы күзгі-қысқы мерзімдегі жұмысқа әзірлік паспорты берілді.
Бүгінгі күні кәсіпорын күшті техникалық және зияткерлік әлеуеті бар компания болып табылады. Жылумен және ыстық сумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жылу беру жүйесін жақсарту, магистралды желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Мәселен, 2012 жылы қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу жоспарына сәйкес 1272,6 млн.теңге сомасында 13,4 км жылу желілері ауыстырылды. Дәстүрлі тәсілмен орындалған жылу желілерін жөндеуден басқа жылу шығындарын азайту үшін полиэтиленді қаптамадағы пенополиуретанды оқшаулағышы бар жаңа тұрпатты құбырларды пайдалану арқылы инновациялық технологиялар енгізілді. Жаңа технологияның қарапайым әрі сенімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Мұндай құбырлардың жылу оқшаулағышы оларды сыртқы коррозияға ұшыраудан және судың жылыстап ағуынан қорғайды. Жылу оқшаулағыш материал ретінде қазіргі уақытта құбырларды қаптайтын барынша тиімді әрі экологиялық таза пенополиуритан пайдаланылады.
Қазандық шаруашылығына жылу шығынын, ауаға таралатын зиянды қалдықтарды азайтуға, сондай-ақ қазандық қондырғылары жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи жылу жабдықтары енгізілді.
Электр қуаты мен газды үнемдеу жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, магистралды және бөлгіш жылу желілерін тұйықтау жүргізілді. Атқарылған іс-шаралар қала халқына қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жоғарылатып, жақсартты.
Сонымен қатар, кәсіпорын өз кезегінде қаланың жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға қаржы салады. Мәселен, «Трансэнерго» АҚ «2010-2014 жылдары Ақтөбе қаласының жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, дамыту және модернизациялау» инвестициялық бағдарламасын жасады.
Инвестициялық бағдарламаға сәйкес 2012 жылы 2 нысанның жылу желілері жаңғыртылды, «Ауылшаруашылық колледжі» қазандығы қайта жарақтандырылып, ғимараты жөнделді, қазандары, сорғылары, жылу алмастырғыштары және тағы басқа қондырғылары жөнделді.
Қазір «Трансэнерго» АҚ бірнеше ай ішінде қаланың коммуналдық шаруашылығын келешектегі суықтарға әзірлеп үлгеру үшін келесі қысқа әзірленуде. Оған «Трансэнерго» АҚ-ның еліміздегі энергокәсіпорындары арасында алғашқыларының бірі болып ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінде 2013 жылға арналған жөндеу бағдарламасын қорғап шығуы дәлел бола алады.
Кәсіпорын қызметінің әлеуметтік сипатын да айта кеткен жөн. Әкімшілік ұжымға үнемі қамқорлық жасап, құрметке бөленуде. «Трансэнерго» АҚ жұмыскерлерінің «Жолдастар» бастауыш кәсіподақ ұйымы ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Оның жұмысы «Парыз-2011» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Республикалық конкурста «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» Күміс атауымен бағаланды. Ұжым кәсіптік қызметінде оң нәтижелерге үнемі қол жеткізуде, сондай-ақ қалалық, облыстық, республикалық көлемде өткізілетін әлеуметтік маңызды шараларға ерекше назар аударады. Мәселен, кәсіпорын ұжымы жыл сайын тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін демеушілік және қайырымдылық көмектерін көрсету жұмыстарын жүргізіп, түрлі қоғамдық ұйымдарды қолдап отырады. Бұлар - «Мектепке жол» республикалық акциясы, ҰОС қатысушыларына арналған қайырымдылық акциясы, зейнеткерлерге, мүгедектерге, балалардың қоғамдық қорларына және т.б қайырымдылық көмегі және қолдау көрсетуі. «Көркейе бер, туған жер!» өңірлік бағдарламасы аясында М.Бекмеев туған жері-Ақтөбе облысы Құмсай ауылындағы мәдениет Үйін жөндеуге көмек берді және осы бағдарламаны дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ол Мұғалжар ауданының «2012 жыл адамы» атанды.
Сонымен қатар, директор М.А.Бекмеев қаланың жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқаны, облыс тұрғындары арасында ҚР Президентінің Жолдауларын, реформаларды насихаттап, түсіндіргені, өңіріміздің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Ақтөбе облысының кәсіподақтарына -90 жыл» төсбелгісімен, «Белсенді қызмет үшін» «Нұр Отан» ХДП төсбелгісімен марапатталып, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды, ҚР Президентінің, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Министрлігі мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы әкімдерінің, қалалық мәслихат, облыстық кәсіподақ кеңесі, ҚР көлік және коммуникация Министрлігінің және көптеген басқаларының алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Айта кету керек, М.А. Бекмеев Ақтөбе қаласының коммуналдық жүйесінде 1973 жылдан бастап істейді және 40- жылыту маусымын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, қаланың жылумен жабдықтау жүйесіндегі айтарлықтай технологиялық бұзушылықтарға, аварияларға жол бермей аяқтады.
Сөйтіп, кәсіпорынның еңбек ұжымы алға қойылған міндеттерді табысты орындап, қала тұрғындары мен кәсіпорындарын үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін жұмылдыруда.