Тендерге қатысуға шақырү

24.08.2021 жарияланды(02.09.2021 ж. өзгертілді )

Тендерге қатысуға шақыру

Әлжан ауданының ішкікварталдық жылулық желілерді қайта құру 

Осы сауда-саттыққа қатысуға шақыру, 2015 жылғы 7 қарашада ЕҚДБ веб-сайтында Сатып алу бөлімінде жарияланған №8021-GPN-475690 сауда-саттық туралы Жалпы хабарландырудың жалғауы болып табылады.

«Трансэнерго» акционерлік қоғам, бұдан әрі Тапсырысшы деп аталатын, Еуропалық қайта құру және даму банкінен (Банк) қарыздың қаражат бөлігін Ақтөбе қ. жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша жобаны іске асыру үшін қолдануын жобалайды.

ЕҚДБ қарыздың қаражат бөлігінен қаржыландырылатын, «Әлжан ауданының ішкікварталдық жылулық желілерін қайта құру»  ADHP– 2.3 келісім шартты орындауына тендерге қатысуға жапсырылған ұсыныстарды беру үшін, Осы Тапсырысшы мердігерлерді шақырады.

Жоба Қазақстан Республикасының Ақтөбе қ. аумағында іске асырылады.

Осы келісім шарттың шеңберінде негізгі жұмыстардың көлемін өзіне:

-          DN жылумен жабдықтау желілердің учаскелерін қайта құру: 50, 80, 150, 200, 250 and 300 mm;

-          DN 100 mm су құбырын қайта құру;

-          Қолданыстағы құбыр желілерін бөлшектеу және кейіннен жаңа желілерді орнату, сонымен бірге жылулық камералар мен люктер клапандарының жұмысын және т.б.;

-          Құбырларды қысыммен сынау, жуу және дезинфекциялауды енгізеді

Болжамды аяқталу уақыты келісім-шарт бойынша 11 айды құрайды.

ЕҚДБ қарыз қаражат есебінен қаржыландырылатын келісім шарттар бойынша конкурс,  барлық елдердің фирмалары үшін ашық. Бұл ретте, жеке немесе заңды тұлғалардың төлемі мақсатында немесе қандай болса да тауарлардың импорт төлеміне ЕҚДБ ұсынылған қаражатты жұмсау рұқсат етілмейді, егер осындай төлемдер мен импорт БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен немесе Тапсырысшы елінің тиісті заңдылығымен рұқсат етілмесе.

Келісім шартты орындау үшін білікті екендігін тану үшін, конкурстың қатысушысы келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: 

a)      Қатысушы бас мердігер ретінде табысты жұмыс тәжірибенің болуын, соңғы 5 (бес) жылдың ішінде ұсынылатын келісім шартпен мазмұны мен күрделілігі бойынша қолайлы 3 (үштен) кем емес табысты аяқталған жобаларды көрсету тиіс.

 

b)      Қатысушы соңғы 5 (бес) жыл ішінде табысты аяқталып және ұсынылатын жұмыстарға ұқсас болатын, ең дегенде 3 (үш) келісім шарттың орындалуында тәжірибенің болуын көрсету тиіс.

 

c)      Қатысушының бас мердігер ретінде (ағымдағы және аяқталған келісім шарттар бойынша орындалған жұмыстар үшін қойылған шоттар сомасы бойынша белгіленген) соңғы 3 (үш) жылда 700 000 000 (жеті жүз миллион) теңге баламада құрайтын орташа жылдық айналымы болуы тиіс.

 

d)     Конкурсқа қатысушы өтімді қаражаттың, кепілге салынбаған жылжымайтын мүліктің,  кредиттік желілердің немесе басқа қаржылық ресурстардың болуын немесе соңғы 3 (үш) ай бойы келісім шарт бойынша жұмыстарды орындаумен байланысты шығындарды өтеу үшін жеткілікті болатын 700 000 000 (жеті жүз миллион) теңгеден кем емес баламада құрайтын,  басқа келісімшарттар бойынша міндеттемелер есебімен оларға қолжетімділігін растау тиіс.

 

e)      Конкурсқа қатысушы, ұзақ мерзімді келешекте қаржылық жағдайын және тиімділіктің тұрақтылығын куәландыратын, соңғы 3 (үш) жылға аудиторлық қорытындылармен және сауда-саттық қатысушы елінен салықтық инспекциядан көшірмелермен расталған теңгерімдік есепті ұсыну тиіс.

 

f)       Конкурсқа қатысушы ISO 9001 сапаның (немесе баламалы)  стандарты бойыншасертификатталыну немесе Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындаған кезде қолданылатын сапаны қамсыздандыру бойынша шараларды көрсету үшін сапаны қамсыздандыру жекеменшік жоспарын ұсыну тиіс.

Тендерлік құжаттар олардың бейресми орыс тіліне аударумен, ағылшын тілінде дайындалады. Тендерлік құжаттар төменде көрсетілген мекенжай бойынша кеңседе алыну мүмкін.

Қажет болған жағдайда, құжаттар электрондық пошта бойынша дереу жіберіледі, бірақ жоғалту немесе мезгілсіз жеткізілім үшін ешбір жауапкершілік қабылдана алмайды.

Барлық ұсыныстар тендерлік ұсыныстардың қамсыздандыру Кепілдігімен тіркелу тиіс, 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден кем емес немесе баламасы айырбасталатын валютада сомма құрау керек.

Қатысуды қалайтын, конкурстық қатысушылар өкілдерінің алдында өтінімдер ашылғанда, конкурстық өтінімдер 2016 жылғы қазанның 12 сағ. 12-00-ден кешіктірмей  төменде көрсетілген мекенжай бойынша (Ақтөбе уақыты бойынша) кеңсеге жеткізілу тиіс.

Тендерлік құжаттаманы алған әлеуетті қатысушылардың тізілімімен төменде көрсетілген мекенжай бойынша танысуға болады:

Болашақ қатысушылар қосымша ақпаратты ізденуге және алуға, конкурстық құжаттамалардың жиынтығын келесі мекен-жай бойынша алады.

Тендерге қатысуға жарияланған шақыру ЕҚДБ сайтында.

Байланысу

Кабылов Арыстан

«Трансэнерго» АҚ

Сәңкібай-батыр даңғ., 24"Г"

Ақтөбе қ., 030012, Қазақстан Республикасы

Телефон/Факс: +7 7132 562563/552878

E-mail:[email protected]