Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!

«Ақбұлақ» АҚ әділет органында қайта тіркеуден өтіп, атауы             «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамы болып өзгергендігі туралы хабарлаймыз. Компанияның атауы ғана өзгерді. Қызмет түрлері нысандары сол қалпында қалады.

Ақтөбе қаласының тұрғындарын және мекемелерін ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз суын бұру және жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін кәсіпорын  «Aqtobe su-energy group» АҚ болып табылады. Кәсіпорынды қайта атау технологиялық процесстерге ешқандай әсер етпейді. Сумен жабдықтау, кәріз су бұру және жылумен жабдықтау бойынша барлық объектілер қалыпты штатты тәртіпте қызмет атқарып тұр.

Алдағы уақытта Сіздерге коммуналдық қызметтерге төлемақы құжаттары «Aqtobe su-energy group» АҚ атынан келетіндігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.