Жылыту маумының аяқталуы!

«Трансэнерго» АҚ Ақтөбе қ. әкімнің 03.10.2018 жылғы № 572 өкіміне сәйкес 1 тармақ «Ақтөбе қ. 2018-2019жж. жылыту маусымының өткізуін ұйымдастыру туралы» жылу қуатын тиісті сапада жеткізеді. Біздің қалада жылыту маусымы 2018 жылы 8 қазанда басталды. Ережеге сәйкес мектептер, тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін жылыту маусымының ұзақтығы – 203 тәулік, ал интернат-үйлер, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер үшін – 216 тәулік. Бірақ, Ақтөбе облыстық маслихатының 11.12.2015 ж. № 353 «Жылуаралық кезеңде жылыту маусымының аяқталуы және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету» ЕРЕЖЕЛЕРДІ негізге ала отырып, егер сыртқы ауаның орташа температурасы +10 және бес тәулік ішінде жоғары құрайтын болса, сонымен қатар, ережелеріне сәйкес қаланың әкімдері тиісті өкімімен жылыту маусымының аяқталуы туралы жариялауы мүмкін. Бірақ, жақында Казгидрометтен алдағы аптаға ауа-райы болжамы келді, оған сәйкес екінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 0 градус болады. Ұқсас болжамдарды Гисметео сайты көрсетеді, онда келесі аптада дүйсенбіден, 15 сәуірден 22 сәуірге дейін түнде сынап бағанасы -5 градус аязға дейін деп көрсетеді. Әрине, тұрғындардың қалауы бойынша тұрғын үйді орталықтандырылған жылытудан ажыратуға болады, ол үшін басқару органы пәтер иелерінің кооперативі бізге тоқтату туралы хат жолдау қажет. Сонымен бірге, бірнеше рет абоненттерге тұрғын үйлерінде жылытудың ажырату мүмкіндігі туралы хабарланды. Бұл үшін «Трансэнерго» АҚ келіп, өтінім жазуға болады.