«Трансэнерго» АҚ 2019-2020жж. жылыту кезеңінің дайындығы бойынша ақпарат

2019 жылғы инвестициялық бағдарламасы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекеменің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 74-НҚ және № 75-НҚ (28.02.2018 жылғы № 34-ОД және № 30.11.2017 №166-ОД бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен қоса) бірлескен бұйрықтарымен жалпы сомасы 7 619, 3 млн. теңге мөлшерінде 2015-2020 жылдардағы орта мерзімді кезеңге арналған инвестициялық бағдарламалар бекітілді.
2019-2020 жж. жылыту кезеңіне қаланың жылумен қамтамасыз ету нысандарын дайындау бойынша іс-шараларға, бекітілген жоспарларға сәйкес ағымдағы жылы 346,9 млн.теңге жалпы сомасына ұзындығы 0,75 шақырым жылу желілерін қайта құруы жоспарланды, соның ішінде:

1. 271,9 млн. теңге сомасына «312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы ІІ жылу магистралін қайта құру және жаңғырту 283 тіректен 339 тірекке дейінгі учаске (Ø720 мм, L-517м)». Нысан «VEGA» дүкеніне қарама-қарсы 312 атқ. дивизиясы даңғылында орналасқан. Ұзақ пайдалануға байланысты (25 жылдан астам), осы жылу магистралінің пайдалану мерзімі өтіп кетті, соңғы жылыту маусымдарында осы учаскеде 4 зақымдалу болды, соның ішінде қысыммен тексеру кезінде. Кесу нәтижелері бойынша сыртқы және ішкі тоттануы анықталды.Ақтөбе қаласы тұрғындарының едәуір бөлігі осы жылу магистралі бойынша жылу қуатын алады, өйткені бұл жылу магистраль бүкіл қала бойынша жылу тасымалдағышты жеткізетін және тарататын үш негізгі жылу магистральдарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, инвестициялық бағдарламаның бекітілген жоспарына сәйкес жылу магистралінің жылу желілер учаскесінде «Трансэнерго» АҚ өз күшімен қайта құру жұмыстары жүргізіледі.
– 06.05.2019ж. құрылысқа рұқсат алынды;
– 01.06.2019ж.құрылыс-монтаждық жұмыстары басталды.
Жұмыстар кестеге сәйкес аяқталуда.
Қазіргі таңда, 100% құбырлардың бөлшектеу, 90% құбырлардың монтаждау жұмыстары орындалды.

2. «Қазандық» қазандығынан 14ЖК-дан 19ЖК-ға дейін (Ø325 мм, L-231м) жылу желілерін қайта құру және жаңғырту» 75,0 млн.теңге сомасына. Нысан Авиақалашық ауданы №18 және №23А үйлерінің маңында орналасқан. Осы жылу желілер учаскесінің пайдалану мерзімі өткен, қарқынды тоттану салдарынан қабырғалардың жұқаруы пайда болды.Соңғы жылыту кезеңінде осы жылу желілер учаскесінде 2 зақымдануы болды, соның ішінде қысыммен тексеру кезінде.Осы жылу желілер учаскесінің қайта құруы 21 тұрғын үйдің (3057 абонент) тұрғындары тұтынатын және №29 ОМ жылу қуатының сапасына мен үздіксіздігіне оң әсерін тигізеді.Осыған байланысты инвестициялық бағдарламаның бекітілген жоспарына сәйкес «Қазандық» қазандығының жылу желілер учаскесінің қайта құруы жоспарланған.
– 06.05.2019ж. құрылысқа рұқсат алынды;
– 20.06.2019ж. құрылыс-монтаж жұмыстарыбасталды.
Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілетін жерде аумақты абаттандырудан басқа, құрылыс-монтаж жұмыстары 100% орындалды.
Инвестициялық бағдарламалар бойынша шаралардың орындалуы, үздіксіз жылумен жабдықтауды, жылумен жабдықтау жүйесі нысандарының жұмыс сенімділігі мен сапасын, апаттылықтың төмендеуін қамсыздандыруға мүмкіндік берді.
Ұзақ уақыт пайдалануына байланысты, қайта құру мырышпен қапталған пенополиуританды оқшаулаумен жаңа элементтерге, барлық тозған элементердің (құбырлар, тиекті арматура және т.б.) жоюын қарастырады.
Осы шаралардың жүзеге асыруы келесі көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1) Кәсіпорын энергия қорлар шығындарының төмендеуін 18,42-дан 18,37 % дейін.
2) Негізгі қаражат тозуының төмендеуін 57,4-тен 54,9 % дейін.