Сынау жұмыстары аяқталды

Ақтөбе қаласында «Aqtobe su-energy group» АҚ ішкі кварталды және магистральды желілерін гидравликалық сынау жүргізілді.

- Қала тұрғындарының сабырлығына алғыс айтамыз. Ақтөбеліктердің үйлерінде ыстық су кезең-кезеңмен пайда бола бастайды. Біріншіден, құбырларды шұғыл ауыстыруды талап етпейтін мекен-жайларда орналасқан үйлер ыстық сумен жабдықталатын болады. Жасалған сынақ жұмыстары  21 учаскелердің ақауларын  анықтағандығын айта кеткен жөн. Оның салдарын жою үшін мамандар мен техникалар жұмылдырылған.                      «Aqtobe su-energy group» АҚ  олардың уақытында жүргізілгендігін жылыту маусымы басталған уақытта сапасын байқауға болатындығын айтады

№2 желі ауданы бригадасы Есет батыр көшесі,130 бойындағы жылу учаскесінің ақаулы бөлігін ауыстырып жатыр.

- Мұндағы болат құбырлары 30 жылдан астам ауыстырылмаған. Көктемгі сынаулар арқасында қалыпқа келтірілетін ақаулы жерлер анықталды. №2 желі ауданы басшысы Сарманов Жанболаттың түсіндіріуі бойынша: жер асты коммуникацияларын жауапты қызметтермен келісіп, жер жұмыстарын атқаруға рұқсат алған соң  жерді қазып, құбырды ауыстыру жұмыстарына кіріскен.

Екінші бригада жұмысын Әбілқайыр хан даңғылы 58 үйден бастады. Шаралар атқару үшін кондитерлік жағынан кіру жолы жабуға тура келді. Сол себептен келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және басқа жолмен айналып өтуді сұраймыз. Ішкі кварталды жылу желілерін ауыстыру аяқталысымен шектеулер қалыпқа келтірілетін болады.

№3 учаскеде жылу желілерінің ақаулары таңғы сағат 4-ке дейін жалғасты. Жұмыс түнгі мезгілде атқарылғандықтан, кешіктірілмей аяқталды.

Кәсіпорынның ең күрделі және жауапты учаскелердің бірі - магистральды жылу желілері ауданы учаскесі болып табылады. Онда диаметрі 620 мм. құбырдағы ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Техниклар да, мамандар да осы жұмысқа жұмылдырылған.

Анықталған ақаулы учаскелерді қалыптастыру жұмыстары демалыс күндері де жалғаса бермек. Уақытылы іске қосу жылу беру кезеңінде жүйенің сапасына жағымды әсер етеді »деп атап өтті.