20.01.2022

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» Заңға сәйкес «Трансэнерго» АҚ Ақтөбе қаласында жалпыүйлік жылу қуатын есептеу аспаптарын орнату науқанын өткізеді. 

Жалпыүйлік жылу қуатын есептеу аспаптары (ЖЕА) болуының басты артықшылығы – олар орталық жылыту төлемдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа жылдан бастап коммуналдық төлемдер, соның ішінде «Трансэнерго» АҚ қызметтері тарифтерінің өскенін ескерсек, мұндай жылу қуатын есептеу аспабы әрбір ақтөбелік үшін тиімді болмақ. Бұл жылу есептегіштер бір отбасының ғана төлем жүргізуде қаржыларының 20-40 пайызын үнемдейді. Сіз нақты тұтынымға ғана төлейсіз. 

«Трансэнерго» АҚ Астана қаласының «ТКШ даму қоры» АҚ арқылы қаржылық лизинг шарты («Трансэнерго» АҚ, Астана қаласының «ТКШ даму қоры» АҚ және «Технолинк LTD» ЖШС арасында жасалған) негізінде  небәрі 4 пайызбен 48 айға бөліп төлеу арқылы жалпыүйлік жылу қуатын есептеу аспабын орнатуды жүргізеді.

 Бүгінгі күні Ақтөбеде жалпыүйлік жылу қуатын есептеу аспабымен 239 үй қамтылған. Келешекте тағы 181 жылу есептегіш орнату көзделуде. 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, есептеу аспаптары бар тұрғындар суды бақылаусыз шығындауды тоқтатып, оны барынша тиімді пайдалана бастайды араластырғыштардағы бекіту-реттегіш арматурадағы судың жылыстап ағуын болдырмайды. Осының бәрі «Трансэнерго» АҚ коммуналдық кәсіпорнының өзінің шығынын төмендетуге игі әсерін тигізеді. Аспаптардағы көрсеткіштер жылумен жабдықтау жүйесіндегі судың барлық жасырын жылыстап ағулары мен жарылыстарды көрсетіп, оларды жоюға көмектеседі. 

ЖЕА температуралық бергіштерден, шығын өлшегіштерден және жылу есептегіштен тұрады. Жертөледегі элеватор торабының алдына орнатылады.

ЖЕА бағасы 700 мың теңгеден басталады. Бұл сомаға есептеу торабының өзінің, құрастыру жұмыстарының, торапқа төрт жыл сервистік қызмет көрсету және бастапқы мемлекеттік тексеру құны кіреді. 

Еске салайық, тұрғындар ЖЕА-ны ТКШ даму қорымен шарт жасаса отырып, 4 пайызбен 4 жыл мерзімге лизингке сатып ала алады. 

Жылу есептеу аспабын орнатуға арыз беру үшін Сәңкібай батыр даңғылы, 24г мекенжайында орналасқан «Трансэнерго» АҚ-ына жолығу керек. 

Екі бірдей 50 м2 екі бөлмелі пәтерлерді салыстыра отырып, кейбір есептеулер жүргізейік 

Жылу есептеу аспабы болмағанда 

Жылу есептеу аспабы болмағанда жылу үшін тариф 2014-2015 жылдары 69,48 теңге болатын. 50 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер иелері, жылу есептегіш болмағанда, өткен жылыту маусымында барлығы 24 318 теңге жұмсады. 

Жылу есептеу аспабы болған кезде 

Жылу есептегіші бар дәл сондай шаршы метрлі пәтер иелері жылыту маусымында 17 194,5 теңге төледі.

Нәтижесінде, екіншісі жылу үшін төлем кезінде 7 123,5 теңге үнемдеді. 

Әбілқайыр хан даңғылы, 61, корпус 3 мекенжайындағы пәтерлер тұрғындарының ЖЕА төлемінің мысалы

Үйдің жалпы ауданы-4395,59 м 2

Пәтерлер саны- 99

Жылу қуатын есептеу аспабының құны-836 000тг, кіру құбырының диаметрі– 89мм 

836 000 тг:4395,59 м2=190,2тг/м2 

1 бөлмелі пәтер - 35м2190,2тг/м2×35м2=6657тг

6657тг:48ай=139тг/айына 

2 бөлмелі пәтер – 43м2190,2тг/м2×43м2=8178,6тг

8178,6тг:48ай=170,4тг/айына 

3 бөлмелі пәтер – 57м2 190,2тг/м2×53м2=10080,6тг

10080,6тг:48ай=210тг/айына 

Есептеулерден көрініп тұрғандай, 1 бөлмелі пәтер иесінің ЖЕА орнатқаны үшін айына төлейтіні – 139 теңге, 2 бөлмелі пәтер иесі – 170,4 теңге, 3 бөлмелі пәтер иесі – 210 теңге. 

Мәлімет үшін:

2016 жылғы қаңтардан бастап ақтөбеліктер жылуға ҚҚС-ын қосқанда 1 шаршы метр үшін 122,63 теңге төлейтін болады. Жалпыүйлік жылу есептеу аспаптары бар үйлерде 2016 жылы 1 Гкал құны ҚҚС-ын қосқанда 2376,60 теңге құрайды.