Көктемгі гидравликалық сынау жұмыстарын туралы

     2020 жылдың мамыр айының 12-нен бастап 15 мамырды қоса алғандағы мерзімде Ақтөбе қаласының ыстық сумен жабдықтау жүйесі тоқтатылатындығын хабарлаймыз.

«Aqtobe su – energy group» АҚ магистралды және ішкі жылу желілерін жыл сайынғы көктемгі гидравликалық сынау жұмыстарын жүргізеді.

Жылу жүйесі жылына екі рет тексеруден өтуі тиіс: көктемде жылу мерзімі аяқталған соң және күзде жаңа жылыту мерзімі басталар алдында. Бұл жұмыстардың нәтижесінде құбырлардың ақаулы жерлерін тауып, жаз айларында сол ақауларды жөндеуді талап етеді. Ал күзгі тексеру жұмыстарда жаңа жылу беру маусымы кедергісіз болуы үшін атқарылған жөндеу жұмыстардың деңгейін тексереді.

Жоспарланған іс-шаралар қала халқын тұрақты жылумен қамтамасыз ету мақсатында орындалады. Сондықтан ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбірміз. Сол себептен, уақытша келтірілген қолайсызыдықтардың ушін алдың ала кешірім сұраймыз.

ЖПК, тұтыну кооперативтері мен кондоминумдер және өзге де тұтынушылар ыстық су жүйелерін сынау кезеңінде үй және ғимараттардың ілмекті арматураларын нық жабулары қажет.

Жаз мезгілі жаңа жылыту маусымына қамданатын мезгіл, яғни қыс айларында пәтерлердің суықтығына шағым түспеу мақсатындағы ішкі жылу желілерінің  жүйесін, ілмекті арматураларды тексеріп, құбырларды шайып, қажет болған жағдайда істен шыққан құбырларды ауыстыратын уақыт.

«Aqtobe su – energy group» АҚ жаңа жылу беру мерзіміне күзгі суық түспей тұрып, алдын ала даярлануды ұсынады.