Баспасөз хабарламасы

Сейсенбіде, 4 қыркүйек күні сағ. 10-00-де ТМРКД-і «Трансэнерго» АҚ-мен бірге баспасөз турын өткізеді, онда «Трансэнерго» АҚ Басқарма төрағасы Сакиев Аманбай Смайелұлы 2016 жылы сараланған тарифтің енгізуінен бастап атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ алдағы 2018-2019жж. жылыту маусымының дайындығы шеңберінде кәсіпорын қызметінің барысы туралы баяндайды.
Ағымдағы жылы ЕҚДБ халықаралық қарыз қаражаты есебінен жылумен жабдықтайтын кәсіпорын 575 млн. теңге сомасына ұзындығы 3,1 шақырым жылу желілердің күрделі жөндеуін жүргізеді, сондай-ақ 870 млн. теңге сомасына екі қазандықтардың қайта құруын жүргізеді.
Тарифтерде қарастырылған қаражат есебінен 187 млн. теңге сомасына жылу желілердің 2 шақырымы жөнделді.
Барлық жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың құркүйек-қазан айларына дейін жалғастырылуда, қыркүйектің 10-нан 12 не дейін гидравликалық сынақтар жүргізіледі.
Баспасөз туры барысында нақты түсіндіріп кетейік, 2016 жылы сараланған тарифті енгізу сәтінен бастап қандай оң динамика орын алды. Өйткені осы жылдар ішінде жылу желілерде 139-дан 111 дейін құбыр желілердің зақымдану санының, 65,4%-дан 60,8%-ға дейін негізгі құралдардың тозушылығының, 18,58%-дан 18,47%-ға дейін энергия қоры шығындарының төмендеуіне қол жеткізіп, ақша баламасында 115.924 теңге сомасында көрсетіледі, сондай-ақ 1089,026 мың тоннаға толықтырулық судың төмендуі және жылу желілердің қайта құруы мен желілерді модельдеу үшін бағдарламалық жасақтаманы енгізу жолымен жылуменжабдықтау жүйесінің энерго тиімділігінің өсуіне қол жеткізе алдық.
Осындай оң нәтижелерге, қазіргі уақытта пайдалануда үнемділіктің өлшемшарттарын, экологиялылықты, сенімділік пен қауіпсіздікті қолдануға мүмкіндік беріп, озық технологиялар қолданылатын, үш қазандықтардың қайта құруы «Нұрлы жол – болашаққа жол» бағдарламасы бойынша Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2015-2016жж. жүргізілуінің нәтижесінде қол жеткізе алдық.
Мысалы, ГМЗ ауданында Шевченко көш. 36 «А» мекенжайындағы -«Гоголя», «Ембі» және «УПП КОС» 3 қазандықтарды біріктіретін №5 қазандығы, тек 2017 жылы 1 267 407 теңге сомасына 193 725 м3 газдың, 39 116 теңге сомасына 3 352 кВт электр қуатының үнемдеуін, 351,67 тоннаға шығарындылардың азаюын және 0, 09% КПД көбюін анықтады.
Қазіргі таңда «Трансэнерго» АҚ 260,6 шақырым магистралды және үлестіруші жылу желілерді, 19 қазандықтарды, 6 сорғы стансалар мен 79 топтық пункттерін пайдаланады. Жылумен- және ыстық сумен жабдықтау қызметімен шамамен 86 514 абоненттер пайдаланылады, соның ішінде 84 204 жеке тұлғалар және 2 310 заңды тұлғалар.