ADHP-1.1R Бес қазандықтарды қайта құру

ТЕНДЕРДЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

БЕС ҚАЗАНДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ

     Тендерге қатысуға осы шақыру 2017 жылғы 6 ақпанда Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің сайтында Procurement Opportunities тарауында жарияланған № 8564-GPN-47569 сауда-саттық туралы жаңартылған Жалпы жариялаудың жалғасы болып табылады.

Ақтөбе қ. «Трансэнерго» АҚ (бұдан әрі – Тапсырысшы) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен (бұдан әрі – Банк) Ақтөбе қ. жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша Жобаны өткізу үшін қарыз алды.

Осымен Тапсырысшы мердігер ұйымдарды, ЕҚДБ қарыз қаражатынан қаржыландырылатын, бес қазандықты қайта құру бойынша келісімшартты орындауға, соның ішінде:

  • Құршасай а. қазандығын қайта құру;
  • Октябрьский көш. 82А мекенжайындағы №10 мектептің қазандығын қайта құру;
  • Пушкина көш. 68А мекенжайындағы №12 мектептің қазандығын қайта құру;
  • Гоголя көш. 12 А мекенжайындағы №15 мектептің қазандығын қайта құру;
  • Кірпіш а. қазандығын қайта құру бойынша жапсырылған ұсыныстарды беруге шақырады.

Жоба Қазақстан Республикасының, Ақтөбе қ. аумағында жүзеге асырылады.

Осы келісімшарт ішінде жобалық-сметалық құжаттаманы жасау, 5 қазандықтың ғимараттарын және технологиялық жабдықтарын жеткізу және монтаждау, құрылыс-монтаждау жұмыстары және Техникалық спецификацияға сәйкес ілеспе қызметтері кіреді.

Келісімшарттың жоспарланған орындау мерзімі – 16 ай.

Келісімшарт жасасуына талаптану үшін, тендердің қатысушысы келесі минималды біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. Соңғы 3 жылда мазмұны және күрделілігі бойынша ұсынылатын келісімшартпен ұқсас ең кемінде 2 (екі) табысты аяқталған келісімшарттың бас мердігер ретінде орындауының табысты тәжірибенің болуы.
  2. Тендер қатысушының кемінде 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге баламаны құрайтын сомаға соңғы 3 (үш) жылда, бас мердігер ретінде орташа жылдық айналымның болуы тиіс (ағымдағы және аяқталған нысандар бойынша орындалған жұмыстар үшін ұсынылған шоттардың сомасы бойынша белгіленген).
  3. Тендердің қатысушысы өтімді қаражаттың, кепілге салынбаған жылжымайтын мүліктің, несиелік желілердің немесе басқа қаржы ресурстардың, немесе басқа келісімшарттар бойынша міндеттемелерін ескере отырып, кемінде 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге баламаны құрайтын сомаға соңғы 4 (төрт) ай бойы Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындаумен байланысты шығындарды алуына жеткілікті болатын оларға қолжетімділіктің болуын растау тиіс.
  4. Тендердің қатысушысы оның қаржылық жағдайының және ұзақ мерзімді келешекте тиімділігінің тұрақтылығы туралы куәландыратын соңғы 3 (үш) жылда, аудиторлық қорытындылармен немесе салық инспекциядан көшірмелермен расталған теңгерімдік есептерді ұсыну тиіс.
  5. Тендер қатысушының немесе консорциум серіктестерінің ең болмағанда біреуінде немесе олардың қосалқы мердігерлерінде (қажет болған жағдайда) жұмыстар басталатын Күнге дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық қажетті куәліктердің, рұқсаттардың және шешімдердің болуы тиіс немесе алуға тиіс, оның ішінде:

–      іздестіру қызметіне лицензиясын;

–      жобалауға лицензиясын;

–      құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясын.

  1. Тендердің қатысушысы тіркелген болу тиіс немесе оған келісімшартты берген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркелу тиіс;
  2. Тендердің қатысушысы сапаның ISO 9001 (немесе баламалы) стандарты бойынша сертификатталған болу тиіс.
  3. Тендердің қатысушысы денсаулық қорғау және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігінің OHSAS 18001 (немесе баламалы) стандарты бойынша сертификатталған болу тиіс.
  4. Тендердің қатысушысы қоршаған ортаны қорғау ISO 14001 (немесе баламалы) стандарты бойынша сертификатталған болу тиіс.

 

Осы Келісімшартты жасауға тендер кез-келген елдің компаниялары үшін ашық.

Егер төлемдер немесе импорт біріккен ұлттар ұйымы Жарғысының VII Тарауына сәйкес қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тыйым салынған болса, онда бұндай төлемдерге, тұлғаларға немесе кәсіпорындарға немесе тауарлардың импортына, банктік несие құралдары пайдаланылмайды.

 

Тендерлік құжаттама Ағылшын тілінде әзірленді және бейресми қазақ және орыс тіліне аударылған. Тендерлік құжаттама төмендегі мекенжай бойынша алынуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда құжаттама электрондық түрде дереу жіберіледі, бірақ оны жоғалғанның немесе кешігіп жеткізудің қандай болса да жауапкершілігісіз.

Барлық тендердің өтінімдері 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңгеден кем емес соманы немесе баламалы соманы айырбасталатын валютаны құрайтын Тендерлік Өтінімнің Кепілдігімен берілу тиіс.

Тендерлік өтінімдер төменде көрсетілген мекенжай бойынша, және төменде көрсетілген мерзімде немесе 2018 жылғы Мамырдың 15, сағ.14.00 (жергілікті уақыт) бұрын ұсынылу тиіс және осындай ашуда қатысуға ниет білдірген тендер қатысушылары өкілдерінің алдында ашылу тиіс.

Тендерге қатысуға шақыру ЕҚДБ  сайтында.

Тендердің әлеуетті қатысушылары қосымша ақпаратты, тендерлік құжаттаманы зерттеп алуға келесі мекенжай бойынша ала алады.

 

 

 

«Трансэнерго» АҚ

Арыстан Қабылов, Бас инженердің орынбасары

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 030012,

Ақтөбе қ., Сәңкібай-батыр даңғ., 24Г

Тел./Факс: +7 7132 741-770/740-410

Email: koven1@yandex.kz