Ақтөбе қаласында ыстық сумен жабдықтау 3 күнге тоқтатылады

2020 жылдың қырқүйек айының 15-нен бастап 17қырқүйек қоса алғандағы мерзімде«Aqtobe su – energy group» АҚ «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-мен  бірлесіпмагистралды және ішкі жылу желілерін жыл сайынғы күзгі гидравликалық сынау жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты, көрсетілген мерзімде қала бойынша ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.

Жылу жүйесі жылына екі рет тексеруден өтуі тиіс: көктемде жылу мерзімі аяқталған соң және күзде жаңа жылыту мерзімі басталар алдында. Бұл жұмыстардың нәтижесінде құбырлардың ақаулы жерлерін тауып, жаз айларында сол ақауларды жөндеуді талап етеді. Ал күзгі тексеру жұмыстарда жаңа жылу беру маусымы кедергісіз болуы үшін атқарылған жөндеу жұмыстардың деңгейін тексереді.

Жоспарланған іс-шаралар қала халқын тұрақты жылумен қамтамасыз ету мақсатында орындалады. Сондықтан ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбірміз. Сол себептен, уақытша келтірілген қолайсызыдықтардың ушін алдың ала кешірім сұраймыз.

ЖПК, тұтыну кооперативтері мен кондоминумдер және өзге де тұтынушылар ыстық су жүйелерін сынау кезеңінде үй және ғимараттардың ілмекті арматураларын нық жабулары қажет.