You are here

Спартакиаданың жабылуы

2016 жылғы 10 желтоқсанында сағ. 16-00  ФСК АФЗ ғимаратында Ақтөбе облысының төрт ірі энергетикалық кәсіпорындар арасында - «Трансэнерго» АҚ «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «Жаңажол ГТЭС» ЖШС салтанатты жабылуы өтті. Спартакиада ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Энергетик күніне орайластырылды.

Спартакиада «Трансэнерго» АҚ бастамасы бойынша 12 қарашадан бастап волейбол, үстел теннисі, шағын-футбол, шахмат, жүзу, армрестлинг - спорттың алты түрінен  қайта жандандырылды. Ең жоғары нәтижені «Ақтөбе ЖЭО» АҚ командасы көрсетті, олар 1 жүлделі орынға және ауыспалы Кубокқа ие болды. Екінші орын «Энергосистема» ЖШС спорттық командасы, 3 орын - «Трансэнерго» АҚ берілді.

Сондай-ақ, үш номинация құрылды – Спартакиаданың «Егде қатысушы» - «Трансэнерго» АҚ-ның 69 жастағы қызметкері Юрий Малтинский. «Ең жас қатысушы» - «Энергосистема» ЖШС жұмыскері Жұлмағамбетов Төремұрат. «Ең белсенді жанкүйер» атағы – бірде-бір ойынды жібермеген «Жаңажол ГТЭС» ЖШС қызметкері Динара Оразалинаға берілді.