You are here

Спартакиада алға!

2016 жылғы 12 қарашасында қала әкімі Ілияс Испанов облыстың төрт ірі энергия кәсіпорындары қатысқан Спартакиадаға бастау берді. Спартакиаданың ресми ашылуы ФСК АФЗ спорт залында өтті. Команда делегацияларының салтанатты шеруі алдында М. Оспанов атындағы БҚММУ черлидерлері өнер көрсетті. Осылайша, қыздар спортшыларды қолдап, жарыста табыстар тіледі. Әрі қарай, төрт команданың біріне берілетін, Спартакиаданың бас марапаты - ауыспалы Кубок таныстырылды. Оның жүлдегерлері Спартакиаданың ұйымдастырушылары алдағы жылда болады.

- Кубок мықтыларға берілсін! – қала бастығы Ілияс Испанов Спартакиаданы ашық деп жариялап, тілек білдірді. - Өздеріңіз білесіздер, осы жылы біз Қазақстан Республикасының 25-жылдығын тойлаймыз. Осы айтулы күн – ширек ғасырлық мерейтойына біз, Ақтөбе облысы энергия кәсіпорындардың арасында Спартакиаданы арнаймыз. Сіздерге жеңіс пен сәттілік тілеймін!

Спартакиада «Трансэнерго» АҚ бастамасы бойынша қайта жандандырылды және спорттың алты түрінен – волейбол, үстел теннисі, шағын-футбол, шахмат, жүзу, армрестлинг 2016 жылғы 12 қарашадан бастап мен 10 желтоқсанға дейін өтеді. Бір айдың ішінде «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «Жаңажол ГТЭС» ЖШС және «Трансэнерго» АҚ командалары бірінші орын және ауыспалы Кубок үшін тартысады. Осындай іс-шаралар жұмысшылар және қызметшілердің спортпен жүйелі шұғылдануға, дене шынықтыруға және спортпен денсаулығын нығайтуға, және олардың жұмыс қабілеттілігін арттыруға ғана емес, сондай-ақ ең алдымен  бұқаралық спортты дамыту ісінде бөлімшелердің жұмыс тәжірибемен алмасу және біздің облысымыздың энерго кәсіпорындар арасында корпоративтік рухті қолдау үшін өткізіледі.