You are here

ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

№2 желілік ауданының жылу желілерін қайта құру

Сауда-саттыққа қатысуға осы шақыру 2017 жылғы 6 ақпанда Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің сайтында Procurement Opportunities тарауында жарияланған № 8564-GPN-47569 сауда-саттық туралы жаңартылған Жалпы жариялаудың жалғасы болып табылады.

Ақтөбе қ. «Трансэнерго» АҚ (бұдан әрі – Тапсырысшы) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен (бұдан әрі – Банк) Ақтөбе қ. жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша Жобаны іске асыру үшін қарыз алды.

Осымен Тапсырысшы мердігер ұйымдарды, ЕҚДБ қарыз қаражаты бөлігінен қаржыландырылатын «№ 2 желілік ауданының жылу желілерін қайта құру» келісімшартты орындауға тендерде қатысуға жапсырылған ұсыныстарды беруге шақырады.

Жоба Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы аумағында жүзеге асырылады.

Осы келісімшарт ішіндегі негізгі жұмыстар:

  • Жалпы ұзындығы 4482 м. ШҚБ жүйесін орнатумен Ду 100 және 400 мм дейін жылу желілер учаскелерін қайта құру;
  • қолданыстағы құбырларды демонтаждау және жаңа құбырларды, жылу камераларды және жылу тораптарды монтаждау;
  • Жаңа құбырларды гидравликалық сынақтан өткізу, жуу және дезинфекциялау.

            Жоспарланатын орындау мерзімі – 140 күн.

ЕҚДБ қарыз қаражатынан қаржыландырылатын осы Келісімшартты жасасуға, тендер кез-келген елдің компаниялары үшін ашық. Егер төлемдер немесе импорт біріккен ұлттар ұйымы Жарғысының VII Тарауына сәйкес қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тыйым салынған болса, онда бұндай төлемдерге, тұлғаларға немесе кәсіпорындарға немесе тауарлардың импортына, банктік несие құралдары пайдаланылмайды.

Келісімшарт жасасуына талаптану үшін, тендердің қатысушысы келесі біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. Тендер қатысушысы соңғы 5 (бес) жылдың ішінде мазмұны және күрделілігі бойынша ұсынылатын келісімшартпен ұқсас ең кемінде 5 (бес) табысты аяқталған келісімшарттың бас мердігер ретінде орындауының табысты тәжірибенің бар екендігін көрсету тиіс, сонымен бірге олардың біреуі кемінде 700 000 000 (жеті жүз миллион) қазақстандық теңгеден кем емес баламаны құрайтын сома болу тиіс.
  2. Қатысушы, консорциум серіктесі немесе олардың қосалқы мердігерлері соңғы 5 (бес) жылдың ішінде, кем дегенде 3 (үш) табысты аяқталған мазмұны және күрделілігі ұқсас келісімшарт көрсету тиіс.
  3. Тендер қатысушының кемінде 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге баламаны құрайтын сомаға соңғы 3 (үш) жылда, бас мердігер ретінде орташа жылдық айналымның болуы тиіс (ағымдағы және аяқталған нысандар бойынша орындалған жұмыстар үшін ұсынылған шоттардың сомасы бойынша белгіленген).
  4. Тендердің қатысушысы өтімді қаражаттың, кепілге салынбаған жылжымайтын мүліктің, несиелік желілердің немесе басқа қаржы ресурстардың, немесе басқа келісімшарттар бойынша міндеттемелерін ескере отырып, кемінде  300 000 000 (үш жүз миллион) теңге баламаны құрайтын сомаға соңғы 3 (үш) ай бойы Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындаумен байланысты шығындарды алуына жеткілікті болатын оларға қолжетімділіктің болуын растау тиіс.
  5. Тендердің қатысушысы оның қаржылық жағдайының және ұзақ мерзімді келешекте тиімділігінің тұрақтылығы туралы куәландыратын соңғы 3 (үш) жылда, аудиторлық қорытындылармен немесе салық инспекциядан көшірмелермен расталған теңгерімдік есептерді ұсыну тиіс.
  6. Тендердің қатысушысы сапаның ISO 9001 (немесе баламалы) стандарты бойынша, денсаулық қорғау және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігінің OHSAS 18001 (немесе баламалы) стандарты бойынша және қоршаған ортаны қорғау ISO 14001 (немесе баламалы) стандарты бойынша  сертификатталған болу тиіс немесе өзінің сапамен, денсаулық қорғаумен және еңбек қауіпсіздігімен қамсыздандыру жоспарын ұсынумен бірге Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындаған кезде оларды қамсыздандыру бойынша қандай шаралар қолданылатынын көрсету үшін.

Тендерлік құжаттама бейресми орыс тіліне аударылған ағылшын тілінде әзірленді. Тендерлік құжаттама төмендегі мекенжай бойынша тегін алынуы мүмкін немесе жазбаша сұратуда көрсетілген электрондық түрде дереу жіберіледі, бірақ оны жоғалғанның немесе кешігіп жеткізудің қандай болса да жауапкершілігінсіз.

Барлық тендердің өтінімдері 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден кем емес соманы немесе баламалы соманы айырбасталатын валютаны құрайтын тендерлік өтінімнің Кепілдігімен берілу тиіс.

Тендерлік өтінімдер төменде көрсетілген мекенжай бойынша, және төменде көрсетілген мерзімде немесе 2017 жылғы маусымның 21, сағ.14.00 (жергілікті уақыт) бұрын ұсынылу тиіс және осындай ашуда қатысуға ниет білдірген тендер қатысушылары өкілдерінің алдында ашылу тиіс.

Тендерге қатысуға шақыру ЕҚДБ (http://www.ebrd.com/work-with-us/procurement/p-pn-170503c.html) сайтында.

Тендердің әлеуетті қатысушылары қосымша ақпаратты, тендерлік құжаттаманы зерттеп алуға келесі мекенжай бойынша ала алады: ЕБРР

 

 

Арыстан Қабылов, Бас инженердің орынбасары

«Трансэнерго» АҚ

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 030012,

Ақтөбе қ., Сәңкібай-батыр даңғ., 24Г

Тел.: +7 7132 56 25 63

Факс: +7 7132 55 28 78

E-mail: [email protected]