You are here

Тез, ыңғайлы,сенімді!

Баспасөз хабарламасы
Бүгін, 2017 жылдың 5 сәуірінде  Тұрғынқалашықта Махамбетов көшесі, 24 мекенжайында орналасқан «Трансэнерго» АҚ №3   желілік ауданында қосымша абоненттік бөлімнің ресми ашылуы  өтеді. 
Біздің абоненттердің ыңғайлылығы және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру үшін, біз қаланың әр түрлі аудандарында халыққа қызмет көрсету үшін төрт көмекші филиалдарын аштық. Мұнда «Трансэнерго» АҚ абоненттерінің ыстық сумен жабдықтаудың (ЫСЖ) есептеуіш аспаптарының және жылу қуаттың есептеуіш аспаптарының көрсеткіштерін беруге,  жылумен- және ыстық сумен жабықтаудың қызметтері үшін төлем жүргізуге, шарт жасауға және қайта жасауға, сондай-ақ қайта есептеуге, түбіртіктерді басып шығаруға және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндіктері бар. Бұрында барлық жоғарыда көрсетілген операцияларды тек Сәңкібай-батыр даңғылы, 24 «Г» мекенжайындағы компанияның бас кеңсесінде жүргізуге болатын еді. 
Енді абоненттер «Трансэнерго» АҚ қызметтері үшін өз шағын аудандарында комиссиясыз төлей алады. 
Сондай-ақ осындай есеп-кассалық бөлім 11 ш.а. №114 үйдің қасында «Актобеээнергоснаб» ЖШС ғимаратында ашылды. Еске саламыз, ағымдағы жылдың 1 наурызында ұқсас пункттер «Нұр-Ақтөбе» ш.а. №16 үйде, сонымен бірге Әбілқайыр-хан даңғ., 29 «А» мекенжайындағы «Ақбұлақ» АҚ ғимаратында ашылды. 
«Трансэнерго» АҚ төрт пункттердің үшеуінде орталықтандырылған жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін комиссиясыз төлеуге терминалдар орнатылды.