You are here

Кім кінәлі?!

8 Наурыз көшесі бойында  тұратын 67 жасар Светлана Пластинина «Трансэнерго» АҚ №1 желілік аудан қызметкерлеріне жүгінді. Егде әйел пәтерде жылу жоқ, салқын деп шағымданды. Ол, жөндеу жұмыстарын жасаған көршілерін кінәлады, оның айтуынша жылыту жүйесі бұзылды. Жылу жабдықтаушы ұйымның слесарьлары аталған мекенжай бойынша келді. Пәтерде судың қысымы жоқ екендігі анықталды. Себебін іздеп тапты.

-             Биыл жазда Светлана Викторовнаға қызы келді. Ол сласарьларды жалдап, мамасының пәтерінде пластикалық құбырларды ауыстырды. «Өтекпен» жұмыс жасаған кезде слесарьлар сыртқы бұрандамен адаптерді дұрыс дәнекерлемеген. Соның нәтижесінде құбырда судың қолжетімділігі үшін кеңістік қалған жоқ. Қайдан жылу болады? – деп «Трансэнерго» АҚ №1 ж/а бастығы Арман ИСМАҒҰЛОВ түсінік берді.

Қазіргі уақытта жағдайды түзетті, келіспеушіліктер жоқ.