You are here

Жылыту маусымның аяқталуы туралы.

2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 «Ақтөбе облысында жылыту маусымын дайындау және өткізу Ережелері» бойынша тұрғын және қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер үшін жылыту маусымның ұзақтығы 203 тәулік құрайды. Мектепке дейін және медициналық мекемелер үшін жылыту маусымы 216 тәулікке дейін созылады.
Одан кейін «Трансэнерго» АҚ «Ақтөбе ЖЭО» АҚ бірге жыл сайынғы магистралды жылу желілердің көктемгі гидравликалық сынағы өткізіледі. Осыған байланысты, 2017 жылғы мамырдың 11-нен 13-не дейін аралығында Ақтөбе қаласы бойынша ыстық судың берілуі тоқтатылады.