You are here

"Бір терезе" қағидаты

Баспасөз хабарламасы
«Трансэнерго» АҚ барлық ақпаратты «бір терезеден» алуға болатын ХҚК қағидасы бойынша жұмыс жасап бастады. Егер бұрын абонент «Трансэнерго» АҚ-на келіп, шарт жасасу үшін бір кабинетке, одан әрі ыстық сумен жабдықтау есептеуіш аспабының және жылу қуатының жеке есептеуіш аспабының көрсеткіштерін беру үшін басқа кабинетке жүгініп, ал жылумен жабдықтаушы кәсіпорынның алдында берешектің бар екендігін  үшінші кабинетте білді. Онда қазір ұйымның қабаттары және кабинеттері бойынша жүгіруге қажеті жоқ, барлық жоғарыда айтылған және басқа да операцияларды бір кабинетте - № 11  жасауға болады.  Бөлімінің мамандары кез келген мәселе бойынша кеңес береді – есептеу, қайта есептеу, түбіртектердің,  есептеу және төлемдердің тізімдемесін басып шығару, орталық жылу жүйесі және ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін төлемін касса немесе терминал арқылы жүргізе алады және т.б.