You are here

Баспасөз хабарламасы

«Трансэнерго» АҚ, 2017 жылғы мамырдың 11-13 аралығында «Ақтөбе ЖЭО» АҚ бірлесіп жылу желілерін жыл сайынғы көктемгі гидравликалық сынақтан өткізетінін хабарлайды. Осындай іс-шаралар «әлсіз» орындарды анықтау үшін, ал жаз мезгілінде ақауларды жою және жаңа жылыту маусымын кедергісіз және мерзімінде бастау үшін атқарылады. Осыған орай көрсетілген мерзімде ыстық су жүйесі ажыратылады. Осы жұмыстар қала тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз ету үшін орындалатынын ескере отырып, түсінушілікпен қарауларыңызды және келтірілген қолайсыздық үшін алдын-ала кешірім сұраймыз. Өз кезегінде ПИК, ТК, кондоминиум басшылары және өзге де тұтынушылар сынақ өткізу кезінде үйлер мен ғимараттардың жылу тораптарындағы бекітуші арматураны сенімді етіп жабулары қажет. Сондай-ақ, орайы келгенде қала тұрғындарының есiне салып, жаз айларында – алдағы жаңа жылыту маусымына даярлау мерзiмі болғандықтан, сондай ақ, қыста жылыту маусымы кезiнде түрғындардан шағым түспеу үшін ішкіүйілік жылумен жабдықтау жүйесін және бекітуші арматураларды тексеру, жылыту жүйелерінiң қубырларын жуу керек, қажет болған жағдайда істен шыққан құбырларды ауыстыру үсынылады және т.б.