You are here

Баспасөз баян 2017-2018 ж.ж. жаңа жылыту маусымына дайындық барынша жүргізіліп жатыр.

     Осы жылы тарифте  көзделген қаражат есебінен 487,7 миллион теңге соммасына ұзындығы 3,9 шақырым күрделі жөндеу және жылу желілерді қайта жаңарту жоспарланған. 
Бүгінгі күні 18 нысанда  ұзындығы 2 146 метр жұмыстар аяқталды, тағы  5 нысанда ұзындығы 856 метр жөндеу жұмыстары жүргізіу жалғасуда. Сондай-ақ ағымдағы жөндеуден 213,3 шақырым жылу желілері, 20 қазандық,  6 сорғы стансалары мен  9000 аса  бекітуші арматура өтеді. 
Еске саламыз, біз құбырларға  пенополиуретан оқшаулауғышты қолданамыз, бұл жылу шығындары, пайдалану және күрделі шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. 
Ә.Молдағұлова даңғылы бойынша жылу магистралін қайта жаңарту және жаңғыртуға қатысты, онда 13-16 шілде күндері Әбілқайыр хан даңғылы бойынша «Шератон» қонақ үй және «Таксим» кафе  арасында жол қозғалыс бөлігі қайтадан шектеледі. Жұмыстарды инвестициялық бағдарламаға сәйкес - «А.Т.Е. Жол» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді. Мұнда  жылу жүйесінің 444 метр 720 мм диаметрлік құбырлары ауыстырылады. 
Бұл учаске  пайдалануға 1993 жылы, ширек ғасыр бұрын берілді. Және осы жылдары ол күрделі жөндеуді көрген жоқ. Сондықтан құбырларын ауыстыруға қажеттілігі өте маңызды. Сонымен қатар, жылыту маусымы кезеңінде осы қала ауданынан  шағым көп түсетін. 
Осы жылу магистралімен 128 нысанға, мектептерді қоса алғанда,балалар үйі, банкілер,оның ішінде АӨМУ, ІІД, ӘҚКӘИ және басқалар қызмет көрсетіледі. Бұл барлық 8 шағын ауданы, сондай-ақ Сәтбаев, Ағайынды Жұбановтар к-сі, Ә.Молдағұлова және Сәңкібай батыр даңғылы кескіні.        
Әбілқайыр хан даңғылы бойынша бір бағыттағы қатар жол бөлігімен жол бөлігі екі жақты қозғалыс үшін пайдаланатын болады.