You are here

Ақпарат!

23 маусымнан бастап, Ә.Молдағұлова даңғылы бойындағы жылу  құбырларының қайта жаңғыртылуына байланысты  Әбілқайыр хан даңғылындағы  «Шератон» қонақ үй кешенінің жанында  бір аптаға  жол қозғалысының бір жақ  бөліктері алма кезек шектеледі. Инвестициялық бағдарламаға сәйкес жұмыстарды мердігер  "А. Т. Е. - Жол" ЖШС жүргізеді. Жоба бойынша  720 мм.  диаметрлі, ППУ оқшаулағышымен 444 метр  жылу желісі жаңартылады.
Бұл учаске ширек ғасыр бұрын, сонау 1993 жылы пайдалануға енгізілді және осы жылдарға дейін күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Сондықтан құбыр желісінің ауыстыруына зор қажеттілік туындады. Оның үстіне осы ауданнан шағымдар көбеюде және осы ауданның тұрғындары бұрыннан  біледі. Ал осы жылу магистральдан біздін қызметімізді 128 нысан пайдаланады, соның ішінде мектептер, бала-бақшалар, банктер, АӨМУ, ІСД, ӘҚКӘИ және т.б. Бұл бүкіл 8 шағын ауданы, сондай-ақ біз атағандай «Құрылысшылар аппараты ауданы» - бұл Сатпаев, Ағ.Жұбановтар көшелері және Ә.Молдағұлова мен Сәңкібай-батыр даңғылдарының орамы.

Осыған байланысты біз қала тұрғындарының түсіністікпен қарайтынына сенудеміз. Ағымдағы жылдың жылыту маусымы кедергісіз өтуі үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сондай-ақ жұмыс уақытына бір аптаға жол қозғалысының шектелуі қажет.  Әбілқайыр-хан даңғылы бойындағы жолдың екінші жолағы  екі жақты қозғалысы үшін пайдаланылады. Уақытша келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз.