You are here

БЕС ҚАЗАНДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ

ТЕНДЕРДЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

БЕС ҚАЗАНДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ

 

Бұл тендерге қатысуға шақыру 2015 жылғы 7 қазандағы ЕҚДБ www.ebrd.com. сайтында жарияланған №8021-GPN-475690 Сауда туралы Жалпы жариялаудың жалғасы болып табылады.

Ақтөбе қ. «Трансэнерго» АҚ (бұдан әрі – Тапсырысшы) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен (бұдан әрі – Банк) Ақтөбе қ. жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша Жобаны өткізу үшін қарыз алды.

Осымен Тапсырысшы мердігер ұйымдарды, ЕҚДБ қарыз қаражатынан қаржыландырылатын, бес қазандықты қайта құру бойынша келісімшартты орындауға, соның ішінде:

  1. Құршасай а. қазандығын қайта құру;
  2. Октябрьский көш. 82 мекенжайындағы №10 мектептің қазандығын қайта құру;
  3. Пушкина көш. 68 мекенжайындағы №12 мектептің қазандығын қайта құру;
  4. Гоголя көш. 12 А мекенжайындағы №15 мектептің қазандығын қайта құру;
  5. Кірпіш а. қазандығын қайта құру бойынша жапсырылған ұсыныстарды беруге шақырады.

Жоба Қазақстан Республикасының, Ақтөбе қ. аумағында жүзеге асырылады.

Осы келісімшарт ішінде жобалық-сметалық құжаттаманы жасау, 5 қазандықтың ғимараттарын және технологиялық жабдықтарын жеткізу және монтаждау, құрылыс-монтаждау жұмыстары және Техникалық спецификацияға сәйкес ілеспе қызметтері кіреді.

Келісімшарттың жоспарланған орындау мерзімі – 330 күнтізбелік күн.

Келісімшарт жасасуына талаптану үшін, тендердің қатысушысы келесі біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. Соңғы 2 жылда салыстырмалы қуаттылықпен кем дегенде 2 қазандықта бас мердігер ретінде құрылыста/қайта құруда табысты тәжірибенің болуы;
  2. Тендер қатысушының кемінде 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге баламаны құрайтын сомаға соңғы 3 (үш) жылда, бас мердігер ретінде орташа жылдық айналымның болуы тиіс (ағымдағы және аяқталған нысандар бойынша орындалған жұмыстар үшін ұсынылған шоттардың сомасы бойынша белгіленген).
  3. Тендердің қатысушысы өтімді қаражаттың, кепілге салынбаған жылжымайтын мүліктің, несиелік желілердің немесе басқа қаржы ресурстардың, немесе басқа келісімшарттар бойынша міндеттемелерін ескере отырып, кемінде  250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңге баламаны құрайтын сомаға соңғы 4 (төрт) ай бойы Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындаумен байланысты шығындарды алуына жеткілікті болатын оларға қолжетімділіктің болуын растау тиіс.
  4. Тендердің қатысушысы оның қаржылық жағдайының және ұзақ мерзімді келешекте тиімділігінің тұрақтылығы туралы куәландыратын соңғы 3 (үш) жылда, аудиторлық қорытындылармен немесе салық инспекциядан көшірмелермен расталған теңгерімдік есептерді ұсыну тиіс.
  5. Тендер қатысушының немесе консорциум серіктестерінің ең болмағанда біреуінде немесе олардың қосалқы мердігерлерінде (қажет болған жағдайда) жұмыстар басталатын Күнге дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық қажетті куәліктердің, рұқсаттардың және шешімдердің болуы тиіс немесе алуға тиіс, оның ішінде:

-      іздестіру қызметіне лицензиясын;

-      жобалауға лицензиясын;

-      құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясын.

  1. Тендердің қатысушысы тіркелген болу тиіс немесе оған келісімшартты берген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркелу тиіс;
  2. Тендердің қатысушысы сапаның ISO 9001 (немесе баламалы) стандарты бойынша сертификатталған болу тиіс.
  3. Тендердің қатысушысы денсаулық қорғау және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігінің OHSAS 18001 (немесе баламалы) стандарты бойынша сертификатталған болу тиіс.
  4. Тендердің қатысушысы қоршаған ортаны қорғау ISO 14001 (немесе баламалы) стандарты бойынша сертификатталған болу тиіс.

 

Осы Келісімшартты жасауға тендер кез-келген елдің компаниялары үшін ашық.

Егер төлемдер немесе импорт біріккен ұлттар ұйымы Жарғысының VII Тарауына сәйкес қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тыйым салынған болса, онда бұндай төлемдерге, тұлғаларға немесе кәсіпорындарға немесе тауарлардың импортына, банктік несие құралдары пайдаланылмайды.

Жазбаша сұратудың негізінде конкурстық құжаттама төменде көрсетілген мекенжай бойынша тегін алынуы мүмкін немесе жазбаша сұратуда көрсетілген электронды мекенжайға дереу жіберіледі, бірақ, оны жоғалғанның немесе кешігіп жеткізудің қандай болса да жауапкершілігінсіз.

Екі кезеңді тендерді өткізу тәртібі келесі кезеңнен құрылады:

а) Тендердің бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінім өзіне тек техникалық ұсынысты (бағаларға қандай да бір сілтемелерсіз) енгізу тиіс, тендерлік құжаттамада көрсетілген техникалық және коммерциялық шарттардың ұсынылатын ауытқу тізімін, балама техникалық шешімдерді, егер олар тендердің қатысушысымен ұсынылатын болса және олардың құжаттамалық растаумен, егер мұндай ауытқу және баламалар жобаның негізгі мақсаттарын өзгертпеген жағдайда. Тендердің бірінші кезеңінде қатысуға өтінімдерді бағалауынан кейін, Тапсырысшы біліктілік критерийлерге сай және талғаулық кеңесіне техникалық жағынан қолайлы өтінімді берген тендердің әрбір қатысушысын шақырады. Кеңесте тендер қатысушының ұсыныстары қарастырылады, бұл ретте оның ұсынысына енгізілетін барлық толықтырулар, өзгертулер, алулар және өзге түзетулер хаттамада көрсетіледі. Тендердің екінші кезеңінде қатысу үшін тек білікті болып танылған және тендердің бірінші кезеңінің қатысуында қолайлы және техникалық талаптарға сай өтінімдерді берген тендердің қатысушылары шақырылады.

 

б) Тендердің екінші кезеңіне қатысуға өтінім Тапсырысшыға талап етілетін барлық өзгерістері бар жаңартылған техникалық ұсыныстан және талғаулық кеңесіне енгізілген және/немесе тендердің бірінші кезеңінің қатысуына өтінімді бергеннен кейін шығарылған тендерлік құжаттама өзгертулерінің талаптарына сай, сондай-ақ коммерциялық ұсыныстан тұруы тиіс.

 

Тендердің бірінші кезеңіне қатысуға өтінімдер мекенжай бойынша, төменде көрсетілген мерзімде немесе 2017 жылғы наурыздың 22, сағ.15.00 (жергілікті уақыт) бұрын ұсынылу және осындай ашуда қатысуға ниет білдірген тендер қатысушылары өкілдерінің алдында ашылу тиіс.

Тендердің екінші кезеңіне қатысуға өтінімдер 25 000 000 (жиырма бес миллион) қазақстандық теңгеден кем емес мөлшерде немесе айырбасталымды валютаның баламасында Қамсыздандырумен тіркелу тиіс.

Тендердің екінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдер, қатысуға ниет білдірген  тендер қатысушылары өкілдерінің алдында оларды ашу уақытын көрсете отырып тендердің екінші кезеңіне қатысуына өтінімді беру үшін шақыру-хаттт көрсетілген мекенжай бойынша, төменде көрсетілген өтінімдерді беру күні мен уақытының ең соңғы мерзіміне дейін жеткізілуі тиіс.

Тендерге қатысуға шақыру ЕҚДБ (http://www.ebrd.com/work-with-us/procurement/p-pn-170131a.html) сайтында.

Тендердің әлеуетті қатысушылары қосымша ақпаратты, тендерлік құжаттаманы зерттеп алуға келесі мекенжай бойынша ала алады:

 

Арыстан Қабылов, Бас инженердің орынбасары

«Трансэнерго» АҚ

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 030012,

Ақтөбе қ., Сәңкібай-батыр даңғ., 24Г

Тел.: +7 7132 56 25 63

Факс: +7 7132 55 28 78/56 25 63

E-mail: [email protected]